Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1700628
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған Ұшқышсыз әуе аппараты, Қарулы ұшқышсыз әуе аппараты және Акынжыға тоқталды» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлдағы бір баяндамасында Ұшқышсыз әуе аппараты, Қарулы ұшқышсыз әуе аппараты және Акынжыға ие болғанымызды білдіріп, «Бұдан кейін басқалардың қақпасында қайыршы ретінде тұрмаймыз. Керісінше басқалар бізге келуде. Әзербайжанға Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымызбен бардық, Ливияға Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымызбен бардық. Бұдан кейін ешкімнің қақпасы алдында қайыршы болмаймыз» деді.

Сабах газеті «Тағы бір ел бізден қару алғасы келеді» атты хабар жариялаған. Әзербайжан, Катар, Украина, НАТО елі Польшадан кейін Ирак та Түрік Қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын алғысы келді. Ирак Қорғаныс министрі Жұма Идад Түркияның алғашқы отандық Қарулы ұшқышсыз әуе аппараты  Bayraktar (Байрактар)TB2, T129 ATAK тікұшақтарын және дамыған қаруларын сатып алғасы келгендерін айтты. 

Стар газеті «Түркияның шетелге тәуелділігі аяқталады» деген хабар жариялаған. Түркия Мұнай Акционерлік Қоғамы Twitter-дегі парақшасында «Сакария табиғи газ кен орнындағы «ультра терең теңізде» орналасқан «Түркали-2» барлау ұңғымасында алғашқы ұңғыма ағыны сынағы сәтті өтті» деген мәлімдеме жасалды.

Йени Шафак газеті «Ағылшын биші Оливия Баклиді түрік дәрігерлері жазды» атты хабарға орын берген. Емделу үшін Германия, АҚШ сынды елдерді аралаған 13 жасындағы ағылшын биші  Оливия Баклидің ауруын түрік дәрігері жазды.

Хабертүрк газеті «Ұлттық әйел волейбол командасы жартылай финалға шықты» атты хабар жариялаған. Түркия  Ұлттық әйел волейбол командасы 2021 Еуропа волейбол чемпионаты ширек финалында Польша құрамасын 3-0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Ұлттық әйел волейбол командасы  жартылай финалда Сербия-Франция матчындағы жеңімпазымен үзеңгі қағыстарады. 



Ұқсас жаңалықтар