Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1684001
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркиядан Грекияға нота» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігі шекараның Грекия жағынан азаматтық киім киген адамдардың оқ атқанын,  Түркияның Едирне қаласында бір азаматтың өлтірілгенін білдіріп, Грекияға нота берді.

Стар газеті министр Варанктың сөздеріне орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «VLP негізінде отандық вакцина кандидатында соңғы сатыға келдік. Екінші саты аяқталып қалды.  Үшінші сатыға жақында өтеміз. Осы вакцина жаңа штаммдар алдында маңызды тойтарыс береді деп сенеміз» деді.

Йени Шафак газеті «Теңіздің түбіне төселетін құбыр желісінің өндірісі басталды» деген хабар жариялаған.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қаратеңіз газында маңызды істер атқарылғанын, теңіз түбіне төселетін 169 километрлік құбыр желісінің алғашқы өндірісінің басталғанын хабарлады.

Хабер Түрік газеті «Варанк әлемнің ең ірі жанды балық тасу кемесінің өндірісін бастап берді» деген хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Ялованың Алтынова ауданында Джемре кеме жасау базасында өндірілетін әлемдегі ең ірі жанды балық тасу кемесінің өндірісін бастап берді.Норвегияға сатылатын кеме 2023 жылы аяқталады деп жоспарланды.

Сабах газеті «Стамбулға соңғы 16 айдың ең көп туристі маусым айында келді» деген тақырып қолданған. Стамбул қалыпқа ену процесінде маусым айында 684 мың 621 шетелдік туристі күтіп алды. Бұл соңғы 16 айдың ең көп туристі деген мағынаға келеді. Стамбулға келген шетелдік туристер арасында немістер 70 мың 989 турист санымен алда болды. Неміс туристердің артынан кезегімен ирандықтар, америкалықтар, украиндар, ирактықтар, француздар мен орыстар келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар