Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1680119
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия жаңаланатын энергия көздерінде Еуропада бесінші орында» деген хабар жариялаған.  Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум Түркияның жаңаланатын энергия сөздері тұрғысынан әлемде он екінші, Еуропада бесінші орында екенін айтты. Ол Түркияның қазіргі күшінің 52 пайызының жаңаланатын энергиядан қамдалып отырғанын айтты. «Алдымыздағы 10 жылда жыл сайын 10 гигаватт жел және күн энергиясын қамдау, жаңаланатын энергия күшін арттыру үшін жұмыстарымыз жалғасады» деді ол.

Хүрриет газеті «Отандық вакцина жылдың аяғында топтық қолданысқа дайын болады» деген хабар жариялаған. Вирусқа ұқсас бөлшек (VLP) негізінде жасалған отандық коронавирус вакцинаның бірінші және екінші саты зерттеу жұмыстары аяқталды. Еріктілерде қазірге дейін жанама әсер байқалмады. Отандық вакцина жылдың аяғында дайын болады.

Йени Шафак газеті туризм секторына орын берген. Ресей, Германия және Франция саяхат шектеулерін алып тастағаннан кейін 1 шілде күні басталған қалыпқа ену процесі және Құрбан айт демалысы Түркияда туризм қозғалысын бастады.  Миллиондаған адам жағалау аймақтарына барды.  Медициналық туристтер де арасан және шипалы су базаларына жетті. Ішкі нарықта туризмнің ең жақсы жылы 2019 жылдың көрсеткіштерінен де асып түсті.  Сыртқы нарықта елуден астам елден қонақ келді.

Стар газеті «Отандық ұшатын автокөлік AirCar үшін уақыт белгілі» деген хабарға орын берген. Отандық технология компаниясы жетілдірген ұшатын көліктің бірінші прототипі сынақ ұшуын аяқтады. Көлік бір жолаушымен 80 км,  екі жолаушымен 50 км қашықтыққа ұша алады.  Электр қуатымен жұмыс істейтін көлік 2025 жылы Стамбул аспанында ұшады деп жоспарланды.

Ватан газеті спорт әлемінен қуанышты хабарға орын берген.  2020 Токио олимпиадасында B тобында сайысқан Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы Қытай құрамасын 3-0 есебімен жеңді. Президент Режеп Тайып Ердоған олимпиада чемпионын жеңген түрік қыздарын құттықтады.  Түрік волейболшылар тобында Қытаймен бірге Америка Құрама Штаттары, Аргентина, Италия және Ресей командаларымен сайысады.



Ұқсас жаңалықтар