Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1672671
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: қорғаныс өнеркәсібінде инвестицияларымызды жалғастырамыз» атты хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны қорғаныс өнеркәсібінде шетелге тәуелділіктен толық құтқарғанға дейін инвестициялардың жалғасатынын айтты. Ердоған "Елімізді қорғаныс өнеркәсібінде шетелге тәуелділіктен толық құтқарғанға дейін инвестицияларды жалғастырамыз" деді.

Йени Шафак газеті «Фуат Октай: Еуропа Одағы адамдық трагедияда әрқашан үнсіз қалды» атты хабарға орын берген. Президент орынбасары Фуат Октай Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің "Еуропа Одағы екі мемлекеттік шешім жөнінде ешқандай нәрсені қабылдамайды" деген сөзіне орай "Біз Еуропа Одағының осы таңға дейін құқықсыздыққа, теңсіздікке, Жерорта теңізінде және Эгейде болған трагедияларға қарсы наразылық көрсеткенін естімедік.  Әлемдік адамдық трагедияда әрқашан үнсіз қалды" деді. 

Ватан газеті «Акынджы Тина тарихи рекорд жаңалады» деген хабар жариялаған. Жергілікті және отандық мүмкіндіктермен өндірілген Байрактар Акынджы Тина (Қарулы ұшқышсыз әуе аппараты) түрік авиация тарихының биіктікке ұшу рекордын жаңалады. Байрактар Акынджы Тина Чорлуда болған сынақ орталығынан Ұзақ қашықтыққа ұшу және биіктік перформанс сынағы үшін көтерілді және 11 мың 594 метрге ұласты. Осылайша алғаш рет жергілікті мүмкіндіктермен өндірілген бір әуе көлігі  осындай биіктікке жеткен болды. 

Сабах газеті «Түркия Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдер қатарында инвестицияларда ең тез өскен елдің бірі» атты хабар жариялаған. Қазына және қаржы министрі Лүтфи Элван орталығы Лондонда болған Түркия-Ұлыбритания сауда және өнеркәсіп палатасы төрағасы Алдерман Емма Эдхемнің үй иелігінде ұйымдастырылған жиналысқа видеоконференция арқылы қатысты.Элван «Түркия Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдер қатарында инвестицияларда ең тез өскен елдің бірі» деді.

Стар газеті «Түркия індеттен бұрынғы кезеңге тіпті тез оралатын төрт елдің бірі» атты хабарға орын берген. АҚШ-тық банкі «JPMorgan» тарапынан жарияланған бір рапортта жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен бұрынғы кезеңге ең тез оралатын елдердің тізімі жарияланды. Рапортта індеттен бұрынғы кезеңге ең тез оралатын елдер қатарында Түркия, Сингапур, Үндістан және Бразилияның болғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар