Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1650135
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркия телерадио корпорациясының (TRT) тікелей эфирінде НАТО саммитінде Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнен Түркия мен АҚШ арасында неге келіспеушілік бар екенін сұрайтынын айтты.

Сабах газеті «Утку» табыспен жұмыс істеді» деген хабарға орын берген.  Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир 45 тоннаға дейінгі бронды әскери көліктер және гаубицалар үшін мың ат күшіндегі алғашқы мотор «Уткуның» табыспен жұмыс істегенін айтты.

Йени Шафак газеті «Стамбул әуежайы мен THY рейс саны жағынан бірнеше аптадан бері Еуропаның шыңында» деген хабар жариялаған.  Еуропалық авиаконтрол ұйымының деректеріне қарағанда Стамбул әуежайы мен Түрік Әуе жолдары компаниясы бір күндік рейс саны жағынан Еуропада көш бастап келеді. 16-30 мамыр күндері арасында Стамбул әуежайы бір күнде орташа 632 рейспен Еуропада бірінші. Түрік авиакомпаниясы да 24-30 мамыр күндері арасындағы 823 рейсімен Еуропаның шыңына орналасты.

Стар газеті Украинадан бір хабарға орын берген.  Украина Туризм даму агенттігінің төрайымы Марьяна Олеска Түркиядағы сенімді туризм сертификаты жүйесін ұнатқандарын білдірді. «Украинада да осындай жүйе құру мақсатты тәжірибе жинақтау үшін кездесулер жүргіздік» деді ол.

Хабер Түрік газеті «Ресей Түркиядан қызанақ импорт квотасын арттырды» деген хабар жариялаған.  Ресей Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан бекітілген жарлыққа қарағанда, Ресейдің Түркиядан сатып алып отырған қызанақ квотасы 50 мың тонна арттырып, 300 мың тоннаға шығарылды.

 



Ұқсас жаңалықтар