Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1648634
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Чавушоғлу: Севилья картасынан бас тартыңыз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен барған Грекияда «To Vima» газетіне сұхбат берді. Грекияның Жерорта теңізінің шығысындағы «аралдардың» континенттік қайраңы екені тұжырымымен дайындаған Севилья картасына тоқталған Чавушоғлу «Севилья картасынан бас тарту керек. Түркияның Эгей және Жерорта теңізінің жағалауларымен шектелетінін ойлаудың грек тарапының қателігі екенін тағы қайталаймын» деді.

Сабах газеті «Министр Қараисмаилоғлу Таулы Қарабахты қалпына келтіру үшін Әзербайжанмен бірге жұмыс істейтіндерін айтты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Қарабахты қалпына келтіру тақырыбында Түркия Республикасының тәжірибесі және білімін бөлісетінін сондай-ақ Әзербайжанмен ынтымақтасып жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

Хабер түрік газеті «Алып компания Түркияда телефон өндірісін бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Arçelik компаниясымен күш біріктірген технология алыбы TCL компаниясы Текирдағ қаласында смартфон өндірісін бастағанын жариялап, әлемдік брендтерге жасаған шақыруында «Тек түрік нарығын ғана емес, сонымен қатар Түркия арқылы экспортты да ойлаңыздар» деді.

Хүррийет газеті «Айдау және ату сынақтарынан сүрінбей өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир Құрлық күштері қолбасшылығы тапсырыс берген бронды әскери көліктерді (БӘК) модернизациялау жобасы аясында аяқталған прототипте көлікті айдау және ату сынақтарының сәтті өткенін мәлімдеді.

Стар газеті «EuroLeague чемпионы Анадолу Эфес! Эргин Атаман тарихқа енді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТӘЖ (Түрік әуе жолдары) EuroLeague (Еуропа лигасы) тарихында екінші рет финалда ойнаған «Анадолу Эфес» финалда Испанияның мықты командасы Барселонаны 86-81 есебімен жеңіп, баскетболдан EuroLeague чемпионатына қол жеткізді. Түрік командасының бас бапкері Эргин Атаман EuroLeague-ны жеңіп алған алғашқы түрік жаттықтырушысы ретінде тарихқа атын қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар