Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1639291
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Президент Ердоғаннан Әл-Ақса дипломатиясы» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатгир Мұхаммед,  Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Ирак премьер-министрі Мұстафа Казымимен телефонда сөйлесті. Телефон әңгімелерінде Израильдің Палестинаға бағытталған шабуылдары мен басқындары қолға алынды.

Йени Шафак газеті министр Акардың сөздеріне орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Грек көршілеріміздің арандатушылықтан, қорқытудан бас тартуы керек.  Түркияны «экспансионист» деп  айтатындар 1821-2020 жылдар арасындағы картаға қарасын» деді.

Стар газеті «Айя-Софияда 87 жылдан кейін тұңғыш Ораза айт намазы» деген хабар жариялаған. Мұражайға айналдырылғаннан кейін ғибадатқа қайта ашылған Айя-София мешітінде 87 жылдан кейін Ораза айт намазы оқылды.  Намазды Дін істері басқармасының төрағасы Проф. Али Ербаш қылдырды.

Хүрриет газеті «Француз ғарышкерден Ораза айт құттықтауы» деген хабар жариялаған. SpaceX-тің  Falcon 9 ракетасымен 23 сәуір күні Халықаралық Ғарыш стансасына жіберілген француз ғарышкер Томас Пескю Қағба тамаша көрінетін және Меккенің түнде ғарыштан түсірілген суретін жариялады.  Ол мұсылмандарды Ораза айт мекересімен құттықтады. Ғарышкер Twitter есебінен ағылшын және француз тілдерінде «Мекке! Жарығы көздің жауын алады» деп жазды.

Ватан газеті Түрік әуе жолдарының хабарына орын берген.  Еуропалық авиабақылау ұйымының есебіне қарағанда,  11 мамыр күні Түрік Әуе жолдары 448 рейс игерген.  Түрік авиакомпаниясы еуропалық қарсыластарын артты тастады.



Ұқсас жаңалықтар