Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1633430
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Мәлімдемеші Өмер Челиктен Анастасиадиске наразылық: Біз бұл құрметсіздікті сол күйінде қайтарамыз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Кипр понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадистің Түркияны нысанаға алған мәлімдемелерімен байланысты «Түркия Республикасына, ұлтымызға қарсы жасаған бұл құрметсіздікті сол күйінде қайтарамыз» деді. Челик кеше жасаған мәлімдемесінде «Понтилердің Еуроодақты өзінің ойыншығына айналдыруы Еуроодақ тарапынан мақұлданған бір ұстаным болса онда оларға құт әкелсін» деді.

Хүррийет газеті «СКТР президентінен понти басшысы Анастасиадиске шапалақ тәрізді жауап» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Женевада 27-29 сәуір күні жүзеге асқан бейресми 5+БҰҰ жиналысында ұсынған тепе-тең егемендік құқығына ие екі мемлекеттің ынтымақтастығына негізделген шешім ұсынысын «арсыздық» деп атаған понти басшысы Анастасиадиске «айнаға қарап, арсыздың кім екенін көруі» үшін шақыру жасады.

Сабах газеті «VOLKAN-M жылжымалы танк атуға дайындық сәтті өтті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әскери электроника өнеркәсібі «ASELSAN»-ның VOLKAN-M атқылауды басқару жүйесі сынақтары M60TM танкімен өткізілді. Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир жеке Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында Түрік Қарулы күштерінің тізімдемесінде орын алған M60TM танктерін жаңартып, барлық компоненттерін отандық өніммен қамтамасыз еткендерін мәлімдеді.

Ватан газеті «Ең көп экспорт автокөлік өнеркәсібінде жүзеге асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда автокөлік өнеркәсібі сәуір айында 2 миллиард 465 миллион 647 мың доллармен ең көп экспорт жасаған сала болды. Сәуір айында ең көп экспортқа ие 3 елдің қатарына Германия 1 миллиард 654 миллион доллармен, АҚШ 1 миллиард 182 миллион доллармен және Ұлыбритания 1 миллиард 33 миллион доллармен енді.

Cтар газеті «Атақты әзілкештің Ердоғанға жазған хаты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда француз әзілкеші Диудонне М'бала президент Режеп Тайып Ердоғанға хат жолдап, саяси баспана сұрады. Хатында М'бала Израильдің Палестина жерін отарлауын айыптаған сценарийінің артынан жүйелі түрде 20 жылдан бері жала, шантаж және шеттетуге ұшырағанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар