Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1631296
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы 19 жылдан бері қорғаныс өнеркәсібін барлық салада жоғары технологияға, зерттеу және жетілдіруге негізделген отандық өндіріспен дамыту үшін жұмыстанғандарын айтты.  Ердоған «Енді ұшақ бомбаларымыздың, зымырандарымыздың және әскери тұмсықтарымыздың жарылғыштары тақырыбында ешкімге тәуелді болмаймыз» деді.

Хүрриет газеті «Егемендігімізді талас қылмаймыз» деген хабар жариялаған. Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ басшылығында Кипрлік тараптар және кепілгер елдер- Түркия, Грекия және Ұлыбританияның қатысуымен 5+1 форматындағы бейресми Кипр конференциясы аяқталды.  Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татар елінің егемендігін талас қылмайтындарын, баршаның осыны қабылдауы керектігін атап көрсетті. «Құқығымызды қорғауды жалғастырамыз» деді ол.

Ватан газеті Стамбул әуежайы жөнінде бір хабарға орын берген.  Еуропалық әуе бақылау ұйымының деректеріне қарағанда, 1 қаңтар-28 сәуір аралығында Стамбул әуежайы 63 мың 64 рейспен Еуропаның ең көп рейс игерген әуежайы болды.  Стамбул әуежайын басқаратын фирманың хабарламасында «2021 жылдың алғашқы төрт айында Еуропада лидерміз» деп айтылды.

Йени Шафак газеті «Германияның демалыс брондауында Анталия бірінші орында» деген хабар жариялаған. Анталия сауда және өнеркәсіп палатасы төрағасы Давут Четин Еуропада коронавируске қарсы вакцинация санының артқанын,  сондықтан жаз айларында әуе қатынасының артуын күткендерін білдірді. Четин немістердің демалыс брондауда Анталияның бірінші орында екенін, маусым айы үшін үмітті екендерін білдірді.

Стар газеті «Түрік кәсіпкерлер жетілдірді.  Үйде де көзді тексеруге болады» деген хабар жариялаған. Анкарада бір топ жас кәсіпкер көз тексерудің виртуалды көзілдірікпен жүргізілуіне мүмкіндік беретін технология жетілдірді. Түрік кәсіпкерлер көз тексеру жиһаздарының ерекшеліктерін компьютерлік бағдарламаға айналдырып,  цирфлық платформаға көшірді. Прототипі өндірілген, салмағы 500 грамм, тасуға болатын, бағасы арзан көзілдірік қымбат және дәстүрлі тексерудің виртуалды түрде жүргізілуіне мүмкіндік береді.

 



Ұқсас жаңалықтар