Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1628275
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Чанаккале соғысының 106 жылдығына орай хабарлама жариялады.  Ол «Чанаккале рухын жасампаз қылуды, елімізді ертеңгі күнге одан да мықты түрде жеткізуді жалғастырамыз» деді.

Йени Шафак газеті терроризммен күрес тақырыбына орын берген.  Ирактың солтүстігіндегі PKK террорлық ұйымына қарсы «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциялары жалғасып жатыр. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасында «Аталмыш операциялар шеңберінде террористтердің ініне кірдік, Әуе күштері террорлық нысандарды жермен-жексен қылды» деп айтылды.

Стар газеті Солтүстік Кипр Түрік Республикасы жөніндегі бір хабар жариялаған.  Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар Грекияда жарияланған «Катемерини» газетіне сұхбат берді. Ол Түркиямен ауқымды мүдделері бар екенін айтып: «Түркия  - үлкен ел. Осы елдің кепілгері, атамекені.  Осы территорияда сөз сөйлеуге хақы бар» деді.

Хүрриет газеті әскери қорғаныс тақырыбына орын берген.  Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Исмаил Демир «Аксунгур» қарулы ұшқышсыз әуе аппаратының бірінші рет 340 келі бомбамен 30 км қашықтықтағы нысанды дәлдікпен атқанын білдірді.

Сабах газеті түрік палуан Рыза Каяалптың табысына орын берген.  Күрестен Еуропа чемпионатында грек-рим күресте 130 келіде түрік палуан Рыза Каяалп грузин қарсыласын жеңіп, алтын медаль алды.  Ол карьерасында оныншы рет Еуропа чемпионы атанды.

 



Ұқсас жаңалықтар