Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1623788
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «1915 жылғы оқиғаларға арналған халықаралық конференция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы 1915 жылғы оқиғалардың тарихи арғы жоспары, құқықтық тұғыры мен бүгінгі күнгі көріністерін талқылау мақсатты ұйымдастырған '1915 жылғы оқиғаларға арналған халықаралық конференция' ертең онлайн режимінде өтеді.

Cтар газеті «Министр Варанк: VLP вакцинасында әлемде ең озық деңгейде тұрмыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда VLP (Вирус тәрізді бөлшектерге негізделген) негізді отандық вакцинаны адамда сынаманың 1-ші фаза сатысында өз еркімен вакцина ектірген Өндіріс және технология министрі Мұстафа Варанк вакцинаның ешқандай кері әсері болмағанын атап, «Вакцина жетілдіру және инфра құрылымымыз мықты. VLP вакцинасында әлемде ең озық деңгейде тұрмыз» деді.

Хүррийет газеті «TOGG-ге үлкен сыйлық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобы (TOOG) C-SUV моделімен әлемге әйгілі «iF Design Award 2021» сыйлығымен марапатталған Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобы (TOGG) Түркиядан ұтқырлық саласында сыйлық алған алғашқы марка болды.

Сабах газеті «Стамбул әуежайы Еуропада бірінші орында»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған есебі бойынша Стамбул әуежайы 14 сәуір күні ұшқан 604 рейспен Еуропадағы әуежайлар арасында бірінші орын алды.

Йени Шафак газеті «БАӘ-ден Бодрум мен Трабзонға тікелей рейстер ұшады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі FlyDubai Airlines әуе компаниясы Трабзон мен Бодрумға тікелей рейстер басталатынын жариялады. Трабзонға рейстер аптасына 3 рет, ал Бодрумға (Муғла) болса аптасына екі рет ұшады.



Ұқсас жаңалықтар