Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1619327
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті Түркияның Донбасс жөніндегі мәлімдемесіне орын берген.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркияның Украинаның территория тұтастығына қолдау беретінін, Қаратеңізде және аймақтағы барлық келіспеушілік пен қақтығыстың баршаға зиянды екенін білдірді. «Түркия Қырым татарларының құқықтарын қорғайды және Ресей мен Украина арасындағы мәселелердің келіссөз арқылы шешілуін қалайды» деді ол.

Сабах газеті «Түркия Айға жылжуда» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Ғарыш бағдарламасы шеңберінде 2023 жылы Айға жолдануы мақсат етілген адамсыз ғарыш көлігінде қолданылатын ұлттық гибрит зымыран моторы сынағынан табыспен өтті.  Түркияның ең ірі зымыран жүйелерінің бірі SORS әлемдегі жоғары технологиялық гибрит зымыран моторын жасап шығарды.  Зымыран моторының бір үлгісі мамыр айында Синоптан ұшырылады.

Хүрриет газеті «Ресейден ғарыш ұсынысы» деген хабар жариялаған.  Ресейдің Түркиядағы өкілетті елшісі Алексей Ерхов Түркияның ғарыш тақырыбындағы қызығушылығын атап «Көршімізді өзінің ғарыш бағдарламасын бастағаны үшін құттықтаймыз» деді. Ол Түркияның ғарыш зерттеулері саласында жүргізілген жаһандық жұмыстарға үлес қосатынына сенетінін білдіріп, елінің ғарыш жұмыстарында ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.

Йени Шафак газеті «Түркия медицина туризмінде әлемдік лиганың алғашқы ондығында» деген тақырып қолданған.  Forbes журналының деректеріне қарағанда, бес жылдық мерзімде көп өскен салалардың басында медицина туризмі келеді.  Сала жыл сайын орташа 24 пайыз өсті. Түркия осы салада әлемдік алғашқы он ел қатарында.

Хабер Түрік газеті «Орыс туристерді жеткізген ұшақ Муглаға келіп қонды» деген хабар жариялаған. Ресейдің бас қаласы Мәскеуден 212 жолаушымен көтерілген ұшақ кешке Миластағы Бодрум әуежайына келіп қонды. Ұшақтан түскен туристер қажетті тексерулерден кейін Бодрум ауданына жол тартты.  Биылғы маусымда шетелдік  рейстердің артуы күтілуде.

 



Ұқсас жаңалықтар