Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1608800
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Рейтер агенттігінің назар аударған Ердоған-Байден талдауы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда британдық Рейтер агенттігінде Президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байденге қатысты жан-жақты талдау жарияланды. Мақалада Ердоғанның «алдымен Түркия» ұстанымында екені, АҚШ немесе Ресейдің ережелер енгізген және Түркияның беделі болған сценарийлерден бас тартатынын білдіріп, «бұл жағдай Байденді қинайды» делінді. Талдау барысында Анкараның аймақтағы қадамдары үшін «Түркия - бұрынғы Түркия емес» деп айтылды.

Хүррийет газеті «ЕО басшылар саммитінен Түркиямен ынтымақтастық туралы хабарлама!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ (ЕО) басшылар саммиті декларациясында ЕО-ның Түркиямен ынтымақтастығын жетілдіруге дайын екенін атап көрсетілді. Түркиямен өзара қызығушылық танытқан салаларда жоғары деңгейлі келіссөздерді бастауға дайын екені де білдірілді.

Cтар газеті «СҚО-мен Түркия базаға айналады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дамыған 8 елдің экономикалық ынтымақтастық ұйымының (Үлкен сегіздік) бас хатшысы Дато Ку Джаафар Ку Шаари «Стамбул қаржы орталығы (СҚО) сөзсіз Түркияны қайта жандандырады және бүкіл әлемде қаржылық операциялар үшін базаға айналады. Менің ойымша, бұл әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында назар аударады. Түркия бұл жобамен көптеген халықаралық банктердің инвестицияларын да тарта алады» деді.

Ватан газеті «Эмине Ердоған БҰҰ-ның Жаһандық мақсаттарға арналған іс-қимыл сыйлығын алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Эрдоған «Қалдықтардың нөлдік жобасы» және қоршаған ортаға байланысты басқа іс-шараларға қосқан үлесі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Даму Бағдарламасы Түркия кеңсесі тарапынан биыл алғаш рет табыс етілген «Жаһандық мақсаттарға арналған іс-қимыл сыйлығын» алды.

Сабах газеті «Украинадан Каппадокияға алғашқы рейс ұшты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Украина-Киев әуе жолдары мен Каппадокия әуежайы арасында аптасына 2 күн ұшатын чартерлік рейстердің біріншісі жүзеге асырылды. 180 адамнан тұратын алғашқы туристік топты лауазымдылар қалампырлармен қарсы алды.



Ұқсас жаңалықтар