Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1594085
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған Адам құқықтары іс-қимыл жоспарын жариялады» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Адам құқықтары іс-қимыл жоспарын таныстыру жиналысында «Мақсаты еркін азамат,  мықты қоғам, одан да демократ Түркия» деп айқындалған жоспарымыз он бір принциптен басталады. Осы процестің аяғында тоғыз мақсат,  50 нысана,  393 істі қамтитын құжат ретінде ортаға шықты.  Екі жылдық уақытта орындалады деп дайындалды» деді.

Стар газеті «Түркияның қолдауын ешқашан ұмытпаймыз» деген хабар жариялаған.  Әзербайжан Мәдениет министрі Анар Керимов «Бауырлас Түркияның қолдауын тек Қарабах соғысында ғана емес,  бүкіл тарих бойы сездік.  Жүз жыл бұрын да Кавказ Ислам армиясымен бірге Әзербайжанды, Бакуды жау басқыншылығынан құтқарған еді.  Бүгін де Қарабахты сіздің көмегіңізбен оккупациядан азат еттік.  Түрік мемлекетіне және бауырларымызға алғыс айтамыз.  Осы қолдауды ешқашан ұмытпадық, ұмытпаймыз» деді.

Ватан газеті экономика хабарына орын берген.  Сауда министрі Рухсар Пекжан «Ақпан айында экспортымыз 9,6 пайыз артып,  16 миллиард 12 миллион доллар болды. Осылайша ең жоғары ақпан айы экспортына қол жеткіздік» деді.

Сабах газеті түрік дрондары туралы хабарға орын берген. Түркияның әсіресе қарусыз ұшу аппараттарындағы деңгейі әлем баспасөзінің назарын аударуда.  Америка баспасөзінде тағы бір хабар жарияланды.  Өте қызықты анықтамалар орын алған «Defense News'-те» жарияланған хабарда қарулы әуе аппараттары туралы айтылды.

Хүрриет газеті Стамбул әуежайы жөнінде бір хабар жариялаған.  Еуропа Авиарейстер қауіпсіздігі ұйымының 22-28 ақпан күндеріндегі есебінде күнделікті орташа рейс саны тұрғысынан өткен апта Еуропада ең қарбалас әуежайы Стамбул әуежайы болғаны білдірілді.  Стамбул әуежайы 501 рейспен алғашқы орында болды.



Ұқсас жаңалықтар