Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1589755
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия вакцина бойынша 7-ші орында»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда жаңа типтегі коронавирусқа қарсы вакцинация әлемде 13 желтоқсанда, Түркияда болса 14 қаңтар күні басталды. Түркия бұл процесте әлемде ең көп вакцина еккен елдер арасында 7-ші орын алып, Еуроодақ елдерін артта қалдырды. Әлем бойынша коронавирусқа қарсы әр 100 адамнан 2,63 пайызына коронавирусқа қарсы вакцина егілсе, Түркия қазірге дейін шамамен 6,5 миллион адамға екпе егіп, азаматтарының 7,75 пайызына вакцина қолданды.

Йени Шафак газеті «Түркиядан дайынбыз мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу түрікмен газының Түркияға келуі және Түркия арқылы Еуропаға жеткізу тақырыбында өз үлесін қосуға дайын екенін мәлімдеді.

Cтар газеті «Түрік авиация тарихында рекорд жасалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш отандық қарулы пилотсыз әуе көлігі «TB2 Байрактар» ​​300 мың ұшу сағатын сәтті аяқтап, түрік авиация тарихында жаңа рекорд жаңартты. Осылайша бұл категориядағы бір әуе көлігі көгілдір аспанда ең ұзақ мерзімді ұшып қызмет еткен алғашқы отандық әуе көлігі болды. 300 мың ұшу сағаты 34 жыл үздіксіз ұшу деген мағынаға келуде.

Хабер түрік газеті «Түркияның қолдауымен кемелерін өндіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Үндістанның «Hindustan» атты мемлекеттік кеме өңдеу компаниясы Түркиядан әскери-теңіз фрегаты өндіретін технологияның трансфері үшін дайындыққа кірісті. Жобаның құнының 1,5-2 миллиард долларды құрайтыны атап көрсетілді. Технологияның трансфері Стамбулдың Тузла қаласындағы «Анадолы» кеме өңдеу зауытынан жүзеге асырылады.

Хүррийет газеті «Түркияда демалыс пакеттеріне қызығушылық артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританияда 8 наурыз-21 маусым аралығында жоспарланған өмірді қалпына келтіру күнтізбесі туралы жаңалықтардан кейін шетелге демалыс пакеті саудасы 630 пайыз артты. Ұлыбритания ең көп қызығушылық танытқан елдердің басында Түркия келеді.



Ұқсас жаңалықтар