Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1579094
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Түркия Еуроодақтың алдында» атты хабаржариялаған.Хабарға қарағанда коронавирус қорқынышы жалғасып жатқанда, барша «өмір қашан қалпына түседі» деген сұраққа жауап іздеуде. Американдық Bloomberg телеарнасының есебі бойынша вакцинация процесі бұл қарқынмен жалғасқан және жаңа мутацияларға қарсы тиімді болған жағдайда қоғамдық иммунитеттің 7 жылға созылуы мүмкін. Екі доза вакцина егу бойынша шығарылған  есепке қарағанда 2.6 жылдан кейін Түркияның тұрғын санының 75 пайызына вакцина егу арқылы қоғамдық иммунитеттің қамтамасыз етілуі болжалуда. Бұл мерзімдік көрсеткішпен Түркия 3.2 жылмен Германия, 3.4 жылмен Белгия және 3.9 жылмен Голландия сияқты көптеген Еуроодақ мемлекетін артта қалдырады.

Стар газеті «Екі ел арасындағы алғаш қадам! Инвестиция үшін Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Венгрия Сыртқы істер министрі және Сауда мминистрі Петер Сийярто венгр компаниясының медициналық инвестициясы үшін Түркияға келеді. 2 миллион еуролық инвестиция Венгрия тарапынан медициналық өнеркәсіптік салада Түркияға салынған алғашқы тікелей инвестиция болуы тұрғысынан маңызды. 

Хабер түрік газеті «Жеңілдетілген отандық шағын калибрлі автомат қызметке дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Механикалық және химиялық өнеркәсіп корпорациясы тарапынан жобаланған және калибрлеу жұмыстары аяқталған «MPT-76-MH» отандық шағын калибрлі жеңіл автомат қаруы қауіпсіздік күштерінің пайдалануына беруге дайын. Салмағы 400 грамнан астам жеңілдетілген автоматтың салмағы шамамен 3 килограмм 750 грамм болды. 

Сабах газеті «Жаңа куәлік сәйкестендіру жүйесі наурыз айында іске қосылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Биотексан» АҚ-ның «Хавелсан» фирмасының инженерлік қолдауымен жетілдірген отандық саусақ ізі анықтау жүйесінде соңғы сатыға келінді. Жүйе алғаш рет наурыз айынан бастап ішкі істер министрлігіне пайдалануға беріледі. 

Йени Шафак газеті «Каппадокияны қаңтар айында 42 мың 560 турист аралады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның пері мұржалары мен теңдесі жоқ сұлулыққа ие алқаптары, ыстық ауа шарлары, жерасты қалалары мен танымал туризм орталықтарынан Каппадокия аймағында орналасқан пері мұржаларын қаңтар айында 42 мың 650 жергілікті және шетелдік турист аралады.



Ұқсас жаңалықтар