Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1571979
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Ең қысқа уақытта 50 миллион доза вакцина елімізге келеді»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда болып өткен Әлеуметтік тағайындау рәсіміндегі үндеуінде «Дамыған елдердің өзінде вакцина жетіспей жатыр. Біз вакциналарымызды жылдамдықпен алғыза бастадық. Алғашқы сатыда иншалла 50 миллион доза вакцина елімізге келеді» деді.

Хабер түрік газеті «Коронавирустың мутациясын уақытында анықтайтын жоба жүзеге асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бірге атқаратын және Еуроодақтың (ЕО) мүшелікке дейінгі көмек құралы шеңберінде қолдау көрсетілген 'Ковид-19 эпидемиясына қарсы күресте ұлттық әлеуетті күшейту жобасы' жүзеге асырылды.Сынақ мерзімін қысқарту, «геномдық анализ» жұмыстары арқылы вирустағы мутацияны уақытында анықтауды мақсат еткен жобаның Түркияның коронавирусқа қарсы күрес күшін арттыруы күтілуде.

Cтар газеті «Ынтымақтастық платформасы үшін көршінің Түркияға ресми сапары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Кавказ аймағында 6 тараптық ынтымақтастық платформасы құрғылары келгенін және осы мақсатпен аймақтық турға шыққанын айтты. Зарифтің туры аясында Түркияға да келуі күтілуде.

Сабах газеті «Ирак армиясына қолдау үшін Бағдатқа барды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) «Ирак армиясына қолдау көрсету және НАТО-ның Ирак қызметі құрамында міндет атқару мақсатты 25 әскери қызметкеріміз Иракқа барды» деді.

Хүррийет газеті «Түрік Әуе жолдары Еуропада бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигациялық қауіпсіздік ұйымы (Eurocontrol) жариялаған мағлұматтар бойынша Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) мен Стамбул әуежайы қаңтар айының 3-ші аптасы Еуропада бірінші орын алды. ТӘЖ 18-24 қаңтар аралығында орташа 596 рейсімен еуропалық қарсыластарынан асып түсті. Стамбул әуежайы 18-24 қаңтар күндерін қамтитын апта күніне орташа 484 ұшу санымен Еуропадағы әуежайлар арасында бірінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар