Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1568152
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоғаннан 'тілдік' хабарлама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Президенттік сарайда өткен Мәдениет және туризм министрлігі 2019-2020 Арнайы марапаттау рәсімінде үн қатты. Ердоған «Тілін қорғамайтын және тілін байыта алмайтын халықтар тамырлары құрғаған ағаштар сияқты соғып тұрған желмен құлайды» деді.

Йени Шафак газеті «Қызыл жарты ай қоғамының Идлибтегі мейірімділік үйлері дайын»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сириядағы шабуылдардан қашып Идлибке көшкен және осында өмір сүретіндерге салынған кірпіш үйлер жылдамдықпен аяқталуда. Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Сармада ауданына қарасты Масхат Рухин аймағында салынған 1228 кірпіш үйден 748-і аяқталды. 1 бөлме, ванна, дәретхана және асханадан тұратын 39 м2 брикеттік үйлер кез-келген ауа-райына төзімді болады.

Хүррийет газеті «Türksat 5A саяхаты жоспарланған бойынша жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Қараисмаилоғлу Türksat-5A жер серігінің ішкі жүйелік сынақтарының мәселесіз аяқталғанын атап «Шамамен 4 айға созылатын орбиталық көтеру маневрлері мен жер серігінің жұмыстары жоспарланған түрде жалғасуда» деді.

Сабах газеті «Осы елдердің BIP-ке деген үлкен қызығушылығы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның отандық жаңа коммуникациялық платформасы «BiP»-тің шетелдегі пайдаланушы саны 8 миллионға ұласты. Ұқсас бағдарламалар арасында жылдамдықпен орнын жоғарылатқан BiP Бахрейн, Бангладеш, Катар, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Омандағы барлық бәсекелестерінен асып түсіп, Google Play-де бірінші орынға көтерілді.

Cтар газеті «Түркияда өндірілді, әлемнің түкпір-түкпіріне ләззәті тарады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның дәмдеуіш экспорты 2020 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға артып, 201 миллион 735 мың долларға жетті. Дәмдеуіштер экспорты бойынша алғашқы кезекте 29 миллион 743 мың доллармен АҚШ бірінші орынды иеленді. Бұл елден кейін 22 миллион 822 мың доллармен Германия, 8 миллион 941 мың доллармен Қытай келеді.



Ұқсас жаңалықтар