Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1566554
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Біз экономиканың қарқынды өсуіне қажетті реформаларды жүргіземіз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Режеп Тайып Ердоған экономикада мықты шарықтау үшін қажетті реформаларды жүргізгендерін және саясаттарды табандылықпен орындағандарын айтты. «Білім беруден медицинаға, қатынастан энергияға, өнеркәсіптен саудаға дейін барлық салада жаңа кезеңге сай қадам басудамыз. Еліміздің әлеуетін инвестиция, өндіріс, өсім, жұмысқа орналастыру және экспортқа негіздеп жетілдіреміз. Түркияның аймақтық және жаһандық күші артқан сайын елімізге бағытталған шабуылдар да арта түседі» деді.

Хабер түрік газеті «Чавушоғлу мен Маас бас қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Анкарада неміс әріптесі Хайко Мааспен кездесуінің артынан мәлімдеме жасады. Түркия-ЕО қатынастарын бағалаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Еуропа басқан оң қадамдардың арқасында Еуроодақпен қарым-қатынасымыз жағымды атмосферада жалғасады» деді.

Йени Шафак газеті «PKK террор ұйымымен күресте Иракпен әртүрлі ынтымақтастыққа дайынбыз»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда кеше Иракта байланыстар жасаған Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар сепаратистік террористік ұйым ПКК-мен күресте ынтымақтастық пен координацияның өте маңызды рөл атқарғанын мәлімдеп «Иракпен әртүрлі ынтымақтастыққа дайынбыз. Біздің жалғыз мақсатымыз халқымыздың қауіпсіздігі, шекараларымызды қорғау, бейбіт және тыныш өмір сүру, құқығымыз бен мүдделерімізді қорғау» деді.

Cтар газеті «Түркали-1 құдығында жұмыстар аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сакария табиғи газ орнында алғашқы терең теңіз анықтау құдығы болған Түркали-1-дегі жұмыстар 77 күндік бұрғылаудың артынан сәтті аяқталды. Фатих бұрғылау кемесі 5 қарашада бастаған Түрікали-1 құдығында 3920 метр тереңдікке дейін бұрғылады.

Сабах газеті «Ағылшындардың таңдауы 2020 жылы қайтадан Муғла болды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда коронавирус (Ковид-19) эпидемиясына қарамастан қамтамасыз етілген сенімді және мықты туризм қызметінің арқасында Муғла британдықтардың таптырмас демалыс орнына айналды. Өткен жылы Муғлаға 695 мың 314 турист келді. Ең көп турист келген елдер 309 мың 717 турист санымен Ұлыбритания, 159 мың 397 туристімен Ресей, 127 мың 564 келушісі бар Украина, 17 мың 424 туристімен Польша және 16 мың 313 турист санымен Германия болды.



Ұқсас жаңалықтар