Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1553057
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Акар: Заңды нысана болып қабылданады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливияда төңкерісшіл Хафтардың Түркия мен Түрік Қарулы күштерін нысанаға алған мәлімдемесімен байланысты «Бұл соғыс қылмыскері, жауыз яғни қанішер Хафтар мен қолдаушылары ұмытпасын түрік күштеріне бағытталған кез-келген бір шабуыл әрекетіне қарсы қанішер Хафтарға тиесілі күштер заңды түрде нысана ретінде қабылданады. Осылай бір әрекеттен кейін өздеріне қашатын орын таппайтын болады. Сол үшін барша есін жинасын» деді.

Йени Шафак газеті «Көгілдір Отан үшін отандық және жеңіл торпедо «ORKA» келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшылығында Теңіз күштері қолбасшылығының жеңіл категориядағы торпедо қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «324 миллиметрлік калибрде Торпедо жетілдіру жобасы» басталды. ROKETSAN фирмасы тарапынан жетілдірілетін «ORKA» атты торпедомен Түркия бұл саладағы шетелге бағыныштылықтан құтылады.

Стар газеті «Оңтүстік Кипрлік архиепископ Грисостомос: Ердоған нағыз патриот» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігі Понти православ шіркеуінің архиепискобыГрисостомос II күн тәртібіне қатысты жасаған мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоған туралы баяндады. Грисостомос «Түрік басшы Ердоған жылдардан бері Түркияның арзан жұмыс күшін пайдаланған Еуроодақтан ‘кегін қайтарған’ нағыз патриот» деді.

Сабах газеті «Сауда министрі Рухсар Пекжан сүйіншіледі: Экспорт нысанасынан астық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Рухсар Пекжан Твиттерден жасаған мәлімдемеде «2020 жылы экспортымыз 25 желтоқсан күнінен бастап 166 миллиард доллардан асып, бағдарламаның нысанасы болған 165,9 миллиард долларды артта қалдырды» деді.

Хабер түрік газеті «Қауіпсіз туризм сертификаты 2021 жылы туризм маусымына да бағыт бермек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның әлемге «қауіпсіз демалыс» ұсынатын көрінісінде ықпалды рөл атқарған Қауіпсіз туризм сертификаты бағдарламасы 2021 жылы туризм маусымына да бағыт бермек. Мәдениет және туризм министрлігінің Туризмді насихаттау жөніндегі бас директоры Тимучин Гүлер «Саяхаттаушылар алдымен денсаулық пен туризм қауіпсіздігі талап етуде. Қауіпсіз туризм сертификаттау бағдарламасы әрі жергілікті, әрі шетелдік саяхатшыларға қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Қауіпсіз туризм сертификаты келесі маусымда жергілікті және шетелдік туристтер үшін анықтаушы болып, елімізді туризм саласындағы бәсекелестікте жоғары сатыға көтереді» деді.



Ұқсас жаңалықтар