Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1549687
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті министр Сойлуның сөздеріне орын берген.  Әлеуметтік желіден жазба жариялаған Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Грекияның босқындарға жасаған қысымы мен жәбір-жапасына наразылық білдірді.  Еуропа Одағының Ішкі істер комиссары Ильва Джохансонды белгілеп бір видео жариялаған министр «Frontex елемей отырған осы қылмыстардың есебі Грекиядан сұралмай ма?» деді.

Йени Шафак газеті «Түрік Әуе жолдарынан хабарлама» деген тақырыппен хабар жариялаған. Коронавирус мутацияға ұшырағаннан кейін Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және Оңтүстік Африкаға рейстер тоқтатылды. Түрік Әуе жолдары бас директоры Билал Екши осы төрт елге баратын жолаушылардың билет ауыстыру тақырыбында асықпауын сұрады. Ол ешбір жолаушының құқының бұзылмайтынын айтты.

Сабах газеті балғын көкөніс пен жеміс экспортына орын берген.  Эгей Балғын жеміс пен көкөніс экспортшылары одағының төрағасы Хайреттин Ушак 1 қаңтар күнінен бері жүргізілген экспорт арқылы одақтың 54 жылдық рекордының жаңаланғанын білдірді.  Экспорт бірінші рет бір миллиард доллар деңгейінен асты.

Стар газеті «Әлемде бірінші рет,  Аселсан жасады» деген хабар жариялаған.  Әскери Электрондық өнеркәсіп Аселсан коронавирусты анықтауда да қолдануға болатын вирус диагноз жүйесін жетілдірді.  Аселсан инженері Дидем Лале Өзкан «Тек Sars Cov2 ғана емес,  ауруханаларда әрдайым қолдануға болатын жиһаз жетілдірдік» деді.

Хабер Түрік газеті «Ханде Эрчел әлемнің ең сұлу әйелі ретінде сайланды» деген хабарға орын берген.  Америка Құрама Штаттарының интернет парақшасыTop Beauty World 2020 жылдың ең сұлуы ретінде 100 тұлғаны хабарлады. Тізімде түріктің бес қызы болды. Тізімде Неслихан Атагүл 89, Элчин Сангу 83, Демет Өздемир 75, Фахрие Эвджен 45, Туба Бүйүкүстүн 29-шы орын алды.



Ұқсас жаңалықтар