Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1542189
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған Айя-София мешітіне хат (каллиграфия) жазуы картинасы сыйлады»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда 86 жылдан кейін қайтадан ғибадатқа ашылған «Айя-София-и Кебир мешіті-и Шерифине» (Айя-София мешітіне) хат (каллиграфия) жазулы бір картина сыйға тартты. Каллиграф Мехмет Өзчай тарапынан жасалған картинада соңғы киелі кітап Құрандағы «Әли Имран» сүресінің 159-шы және 160-шы аяттары орын алады.

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлунан Еуроодақ мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен оңаша бас қосты. Кездесудің артынан Чавушоғлу жасалған мәлімдемеде Еуроодақпен мәселелердің тек қана келіссөз арқылы шешілуі мүмкін екенін атап көрсетті. Чавушоғлу Грекиямен байланысты мәселелерде Еуроодақтың әділ бір делдалдық рөлін атқару керектігін білдірді.

Хүррийет газеті «Өмер Челиктен маңызды мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Орталық шешім қабылдау кеңесі жиналысының артынан жасаған мәлімдемеде Францияның Таулы Қарабах Республикасын тануына қатаң наразылық көрсетіп, «Франция өзінше Таулы Қарабах Республикасының тәуелсіздігін танығанын жариялайды. Бұл сол жердегі оккупацияға қолдау беру деген сөз. БҰҰ қарарларына қарама-қайшы бір жағдай» деді.

Cтар газеті «Министр Варанктан Түркияға инвестиция шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк кеше Анкарада болып өткен Түркия-Венгрия аралас экономикалық жиналысының кезекті 7-ші жиналысында Түркияға сенетін инвесторлар үшін өздері болжағаннан көп табыс түсіретін жаңа кезең басталатынын атап көрсетті. Министр Варанк «Біз үшін шетелдік инвестор жоқ, кәсіпкерлер бар. Келіңдер, түріктің қонақжайлығымен танысыңдар, Түркияға инвестиция салыңдар» деп шақыру тастады.

Сабах газеті «Түрік ғалымдар жетілдірді! Синоп қаласынан ғарышқа ұшырылды және міндетін атқарып қайта оралды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Орта Доғу техникалық университетінде түрік зерттеушілер жетілдірген радиация технологиясы ғарышқа ұшырылып, міндетін табысты түрде орындап ғаламшарға оралды. Осылайша Түркияда алғаш рет бір «радиация өлшегіш» Зымыран өнеркәсібі және сауда акционерлік қоғамы «Рокетсанның» Синоп сынақтан өткізу орталығынан «Сонда зымыраны 0.1» арқылы ғарышқа ұшырылды.



Ұқсас жаңалықтар