Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1534594
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоғаннан отандық вакцина мәлімдемесі»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда кеше Әділет және даму партиясы төрағасы ретінде партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйлеген президент Режеп Тайып Ердоған ковид-19 эпидемиясымен күрес тақырыбында «Өзіміз жетілдірген вакцинаны кеш дегенде сәуір айында қолданатын деңгейге жеткізуді жоспарлаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысының артынан мәлімдеме: «Ирини» операциясына қарсы қадамдар басылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында кеше Анкарадағы президенттік сарайда болып өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) жиналысының артынан бір хабарлама жарияланды. ҰҚМ хабарламасында «Ирини операциясы аясында жасалған біржақтылы халықаралық заңдар мен одақтастық қарым-қатынастарға толығымен қарама-қайшы соңғы операция қатаң түрде айыпталып, аталмыш әрекетке қарсы әр салада қажетті қадамдар басылады» делінді.

Стар газеті «Министр Кожа: Алғашқы отандық вакцина қолданысқа дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше жазбаша хабарлама жариялап, «Халықаралық стандарттарда өндірілген алғашқы отандық вакцинамыз қолданысқа дайын. Ересек типті сіреспе-дифтерия вакцинасының барлық өндіріс процестері аяқталып,  отандық мүмкіндіктермен жетілдірілді» деді.

Сабах газеті «Министр Варанктан мәлімдеме: Түркия алғаш 5 ел арасында орын алады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанк жасаған мәлімдемесінде Түркияның жел трибуналары жабдықтарын өндірген ірі өндіріс орындарымен Еуропада алғашқы 5 ел арасында орын алғанын атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «Караманда тебірентетін жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Караманның Эрменек ауданында үш аймақта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарында ондаған тас мазарға қоса Рим дәуіріне тиесілі сарқырама мен қамалдар ортаға шығарылды.

 



Ұқсас жаңалықтар