Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1533241
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «12 сағатқа жалғасқан контрабандалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда халықаралық заңдарды «жоқ» деп есептеген неміс теңізшілер Ливияға азық-түлік апарған «Roseline A» түрік кемесін тоқтатып, тінту жұмыстары жасады. Кемеде гуманитарлық көмектен басқа нәрсе таба алмаған немістер шамамен 16 сағат өткен соң кемеден шығып кетті. Операцияны айыптаған Түркия Еуроодақ (ЕО), Италия мен Германияға нота берді.

Йени Шафак газеті «Түрік кемесінде заңсыз тінтуді еш қабылдамаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Еуроодақтың заңды Ливия үкіметі, Түркия және НАТО-мен ақылдаспай Жерорта теңізінде бастаған "Ирини" операциясының бейтараптығының дау-дамайлы екенін атап көрсетті. Аксой бұл жағдайда Түркиядан Ливияға жүк кемелеріне бағытталған қос стандарт пен заңсыз әрекеттің (заңсыз тінту) еш қабылданбайтынын білдірді.

Хабер түрік газеті «Ливияда жеңіске жеткен – Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда американдық маман Джейсон Пэк Ливиядағы соғыстың әуедегі тұғырының стратегиялық тұрғыдан толығымен шетелдіктер тарапынан жүргізілгенін, дегенмен соғысты Түркияның жеңгенін атап көрсетті. Көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтар мен Ливия ұлттық армиясының Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдердің қолдауымен соғысты бастаған тарап екенін еске салған Пэк осы жылдың басынан бері Түркияның пилотсыз ұшақтарынан бастап, жаңа соғыс технологиялары алдында жеңілгенін білдірді.

Ватан газеті «Көгілдір аспанның жаңа қожайындары түрік пилотсыз ұшақтары»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Испанияның белгілі газеттерінің бірі El Pais Түркияның пилотсыз ұшақтарын мақтады. «Көгілдір аспанның қожайындары» тақырыпты хабарында түрік пилотсыз ұшақтарының соғыстарда қолданылған басқа әуе көліктеріне қарағандашығындар мен ықпалдылығы тұрғысынан одан жақсы екенін атап «Жойған нысанасын бейне көрініспен қадағалауы оны мықты бір пропаганда қаруына айналдырады. Дұшпанды мазалауда өте ықпалды» деді.

Сабах газеті «Қысқы туризмде таңдау Түркия» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Биыл Альпі тау жүйесіне демалуға бара алмаған орыс және украин туристтер бағытын Түркияға айналдырды. Жоғары сұраныс брондауларды 80 пайызға жеткізді. Түркиядағы шаңғы орталықтары осы қыста бос қалмайтын көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар