Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1524317
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған партиясының Кожаели қалалық құрылтайында сөз сөйледі. Ол сөзін Таулы Қарабахты құтқару үшін күрескен әзербайжандықтардың Шуша жеңісімен құттықтау арқылы бастады.  Ердоған: «30 жылдан бері Минск үштігі елемеген және үстелде күткен әзербайжандық бауырларымыз сабыр көрсетіп,  нәтижесінде жеңіске жетті» деді.

Сабах газеті «Әлемнің көзі осында болады» деген тақырып қолданған.  Түрік қорғаныс өнеркәсібі коронавирус пандемиясына байланысты көрме мен бизнес жетілдіру істері шектелген бір атмосферада үш көлемді көрме XperExpo-ны ашады. Бүгін ашылатын, 2021 жылдың 9 сәуір күніне дейін ашық болатын, шындыққа өте жақын көрмеде Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жаңа өнімдер таныстырылады.

Хабер Түрік газеті экономика хабарына орын берген.  Балқан аймағына жылдың он айында он миллиард 213 миллион долларлық экспорт жасалған. Балқан елдері арасында ең көп экспорт 3 миллиард 47 миллион доллармен Румынияға жүзеге асырылды.

Стар газеті «Әлемнің санаулы елдерінің біріміз» деген хабар жариялаған.  Іздеу Құтқару қауымдастығы АКУТ атқару комитеті төрағасы Реджеп Шалжы Түркияның құтқару жұмыстарында әлемнің санаулы елдерінің бірі екенін айтты.  «Түркия  - іздеу және құтқару жұмыстарында өте мықты. Өте күрделі жағдайларды басқара алады.  Құтқару тқырыбында әлемдегі көптеген ел Түркиядағы осы тәжірибе,  істер мен жабдықтарға қайран,  шетелге шыққанымызда бізбен жұмыс істегілері келеді. Бұл да Түркияның күшін көрсетеді» деді ол.

Хүрриет газеті «Формула 1 үшін жол дайын» деген тақырып қолданған.

Әлемдегі ең беделді спорттық организациялардың бірі Formula 1 тоғыз жылдан кейін қайтадан Стамбулда ұйымдастырылады. Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу жолдардың жаңаланғанын айтып, «Елімізге, Стамбулымызға жарасатын бір жарыс ұйымдастырудың жауапкершілігін сезінеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар