Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспөзінің басты тақырыптары

1516565
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғаннан еуропалық басшыларға қатаң ескерту: Сіз барған жолдың соңы – апат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған бас қала Анкарадағы Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында «Мәулид-и Нәби» (пайғамбарды/Әзірет Мұхаммед/ еске алу және тану) апталығының ашылу бағдарламасында үн қатты. Ердоған Исламды нысанаға алған Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германияның бас қаласы Берлиндегі мешіт басқынына үнсіз қалған Германия канцлері Ангела Меркельге ескерту жасады: Кемшіліктеріңізді жасыру үшін ұстанған сіз барған бұл жолдың соңы – апат» деді.

Стар газеті «Түркия мен Грекия жарияланған ‘НАВТЕКС’-терді бірге жойды»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Грекияның 29 қазанды, Түркияның болса 28 қазанды қамтитындай жариялаған НАВТЕКС-тердің (теңізшілерге хабарлама) екі жақты күшін жойғаны, осыған қоса Түркияның Шығыс Жерорта теңізі мен Эгейдегі мәселелердің келіссөзбен шешімін жақтағандарын көрсету үшін Жерорта теңізінде алдында жоспарланған қарулы оқу-жаттығу шараларымен байланысты жариялаған НАВТЕКС-ті болса бір жолға тоқтатқанын хабарлады.

 Хабер түрік газеті «Министр Албайрак: Салалық тұрғыдан сенім индекстері мен қуаттықты пайдалану коэффициенті (koeffitsiyent) туралы мәліметтер бағаланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак кеше жарияланған соңғы мағлұматтардың Түркия экономикасының өсу жолына түсуді қолдайтын тәсілмен өз бағытында ілгерілегенін атап, «Қазан айында қызмет саласы сенім индексі 6,4 пайыз, бөлшек сауданың сенімділік индексі 1,7 пайыз артты. Қуаттылықты пайдалану коэффициенті (koeffitsiyentti) 74,9 пайызға дейін өсті» деді.

Ватан газеті «Министр Варанктан ‘өсу’ мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп пен технология министрі Мұстафа Варанк кеше жасаған мәлімдемеде «Түркия жылдың соңғы екі ширегінде мықты бір өсу ортаға қойып, 2020 жылын ең аз зиянмен өткізеді. Бюджетіміз өткен жылмен салыстырғанда 50 пайыз артып отыр» деді.

Сабах газеті «Түркияның автомобиль кәсіпорындары тобы барша күткен егжей-тегжей туралы жариялады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның автомобиль кәсіпорындары тобы (ТАКТ) А.Қ. «отандық автокөлікте қолданылатын батарея технологиясының егжей-тегжейін әлеуметтік желіде танытатын бір бейне көрініспен жариялады. Осыған қарағанда автокөліктер 300 бен 500 шақырымнан асатын бір қашықтыққа бара алатын болады және 30 минуттан қысқа мерзімде 80 пайызға дейін зарядтау мүмкіншілігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар