Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1514464
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Иран Мемлекет басшысымен әңгімелесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Иран Мемлекет басшысы Хасан Руханимен телефонда сөйлесті. Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда басшылар Түркия-Иран қарым-қатынастарын жетілдіретін, террормен күрес ынтымақтастығын күшейтетін, Әзербайжан-Армения және Сирия мәселелерінен бастап аймақтық тақырыптарды қолға алды.

Хүррийет газеті «Министр Акардан шұғыл мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Анкара Полатлыдағы генерал Нахит Шеноғул әскери жаттығу аймағындағы «Атыс еркін - 2020» әскери атқылау іс-шараларын Анкарадан қолбасшылармен бірге қадағалады. Осында жасаған мәлімдемесінде Акар Эгей және Шығыс Жерорта теңізіндегі жаңалықтармен байланысты сөз қозғады. Акар «Біз көршілерімізді, басқа мекемелер мен қоғамдарды келіссөзге шақырамыз. Келіңдер бас қосайық, пікірталастар жүргізейік, ережелер шеңберінде бұл тақырыптарды шешейік. Бұдан басқа ақылға, санаға, заңдарға келіспейтін, әсіресе үшінші елдердің жауапкершіліктері мен күшіне қатысы болмаған кейбір ережелер ортаға қою немесе сол ережелердің біздің тарапымыздан қабылдануын күту бекер бір талпыныс» деді.

Стар газеті «Түрік Қарулы күштері 'Атыс еркін - 2020' әскери іс-шаралары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкараның Полатлы ауданында отандық көліктер мен қарулардың қабілеттері көрсетілген «Атыс еркін – 2020» әскери іс-шаралары шеңберінде нысандар дәлдеп жойылды. Түрік Қарулы күштері жоғары атыс күшін сынауды, бас тартқызуды қамтамасыз ету және өзара атыс координациясын жетілдіру мақсат еткен «Атыс еркін - 2020» жаттығу жұмыстары кезінде отандық мүмкіншіліктермен өндірілген «фортуна» гаубицалары, «Қорқут» әуе қорғаныс жүйесі, ұлттық автоматтар да бар соғыс көлік пен жабдықтарымен нысаналар атқыланды.

Йени Шафак газеті «Миниатюралық бомба сынақтан табыспен өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі Миниатюралық бомба жобасы аясында 401-ші Сынау қолбасшылығы тарапынан қалың нысаналарды тесуші тұмсықпен жасалған сынақтан сүрінбей өткенін жариялады.

Хабер түрік газеті «ТИКА-дан майдан желісіндегі әзербайжандық бейбіт тұрғындарға азық-түлік жәрдемі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТИКА майдан желісіне жақын аймақтарда өмір сүрген және армян шабуылдары ықпал еткен әзербайжандық бейбіт адамдарға 40 тонна азық-түлік жәрдемі жіберді.



Ұқсас жаңалықтар