Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1513086
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған езілгендердің жалғыз қалдырмаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның езілгендер, жәбірленгендер үшін құқық пен әділетті соңына дейін жақтаудан бас тартпайтындарын атап көрсетті. Балканнан Кавказға, Азиядан Африкаға дейін барлық жағрапияда жүрегі Түркиямен соққандардың қасында болуды жалғастыратындарын білдірді. Президент «Ливияда бір төңкерісшілдің елді бөлшектеуіне рұқсат бермедік, бермейміз. Әзербайжанның басқыншылық астындағы топырақтарын құтқаруына шын жүректен бар күшімізбен қолдау бердік, береміз» деді.

Йени Шафак газеті «СКТР президенті Эрсин Татардан Түркиямен ынтымақтастық хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) жаңа президенті Эрсин Татар міндеті бойынша Түркиямен кеңесіп, қозғалатынын білдірді. Татар «Кипр Түрік халқының мүддесін қорғау үшін Түркиямен болған қарым-қатынасымыз жалғасады. Түркияның кепілгерлігі жалғасады. СКТР болмысын жалғастырады. Солтүстікте тұрақты бір мемлекет әрдайым болмақ. Бұдан кейін халқымыздың құқығы мен мүдделерін қорғау үшін понтилермен бұл аяда келіссөздер басталады» деді.

 Стар газеті «Түркиядан мұқтаж елдерге үлкен жест» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Сириядан бастап, мұқтаж мемлекеттерге 110 мың тонна ұн және дақыл жәрдемі жасалады. Жарлық ресми газетте жарияланды.

Сабах газеті «Отандық автокөліктің батареясы Түркиядан» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның автомобиль кәсіпорындары тобы электрлі көліктерде қолданылатын батарея технологиясы үшін үлкен бір келісімге қол қойды. Түркияның автомобиль кәсіпорындары тобының батареялары Түркияда өндіріледі. Тақырыппен байланысты Түркияның автомобиль кәсіпорындары тобы «Әлемнің алдынғы қатарлы Li-Ion батарея өндірушілерінің бірі Farasis фирмасымен жасалған келісімге қарағанда батарея модулі және пакетін Түркияда өндіреміз» деп мәлімдеді.

Хүррийет газеті «Қытайлықтардың Түркия қызығушылығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядан ең көп тұрғын үй сатып алған шетелдіктер тізімінде алғашқы 20 орында орын алмаған қытайлықтар биылдың алғашқы 9 айлық кезеңінде 659 дана тұрғын үймен рекорд жаңартты. Қытайлықтар бұл көрсеткіштермен Түркиядан ең көп тұрғын үй сатып алған 12-ші ұлт болды. Қытайлықтардың Түркияда ең көп тұрғын үйді Стамбұл қаласынан сатып алды.



Ұқсас жаңалықтар