Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1511702
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоғаннан маңызды мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының «Шырнақ 7-ші кезекті қалалық конгресінде» үн қатты. Әзербайжан мен Армения арасындағы атысты тоқтату бітімін Арменияның қайтадан бұзғанына наразылық көрсеткен Ердоған «Атысты тоқтату бітімі жарияланды, алайда армяндар қайтадан бұзды. Барлық осы шындықтарға қарамастан батыс елдерінің үні шықпайды. Түркияның дауысы көтерілген кезде барлығы бізге «айқай-шу шығарады» дейді, тоқтамаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Түркиядан Грекияға жауап» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Грекия Сыртқы істер министрлігінің Эгей мен Жерорта теңізіндегі іздеу құтқару жауапкершілік алаңын кеңейту тақырыбындағы мәлімдемесін «негізсіз» деп бағалады. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой «Іздеу құтқару алаңдары егемендік емес, қызмет саласы болып табылады. Бұл тұрғыдан өз теңіз шекараларын қамтымайтын, адам өмірін құтқару мен қорғауға бағытталған бұл алаңды егемендігінің бұзылуы болып қабылдайтын Грекияның бұл қауесеті құқық пен гуманитарлық көзқарастан аулақ» деді.

 Ватан газеті «Чавушоғлу СКТР-ның президенттік сайлауында жеңіске жеткен Эрсин Татарды құттықтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасы  (СКТР) президенті болып сайланған Эрсин Татарды құттықтады. Министр Чавушоғлу Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемесінде «СКТР президенттік сайлауында жеңіске жеткен Эрсин Татарды шын жүректен құттықтаймыз. Кипр түріктерінің тыныштығы, өркендеуі және қауіпсіздігі үшін бірге жұмыстанамыз. СКТР-ның Шығыс Жерорта теңізінде заңды құқығы мен мүдделерін барша бірге қорғаймыз» деді. 

Сабах газеті «Отандық суасты роботы 'Кашиф' қызметін бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез отандық суасты роботы «Кашиф»-тің «Фатих» бұрғылау кемесінде міндетін бастағанын білдірді. Министр Дөнмез Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Отандық суасты роботымыз «Кашиф» бұрғылау кемеміз «Фатих»-тегі жұмысын бастады. Теңіздердегі жаңа көзіміз бен қолымыз болған «Кашиф» 3 мың метр тереңдікке дейін теңіз бұрғылау жұмыстарымызда бейне көріністік мағлұматтарды орталыққа жеткізеді, механикалық жұмыстарды жүргізеді» деді.

Стар «Неміс баспасөзінен отандық автокөлікке мақтау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс баспасөзінің маңызды экономикалық газеттерінің бірі Handelsblatt Түркияның отандық автокөлігі А.Қ. электрлі автокөлікпен өз экожүйесін қалыптастырып, өзінің «Тесласын» өндіргенін жазған. Газет Түркияның тұңғыш автокөлігінің елдің ұлттық өнім нарығына қосылатынын, сату бағасының  бәсекелестік болған жағдайда, неміс автокөлік нарығы үшін де тартымды болатынына назар аударған.



Ұқсас жаңалықтар