Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1483306
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоғаннан шығыс Жерорта теңізімен байланысты маңызды хабарлама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Бештепе Миллет конгрес және мәдениет орталығында ұйымдастырылған 2020-2021 жылдарын қамтыған «Әділет жылының» ашылу рәсімінде баяндама жасады. Президент Ердоған «Тарих бойынша әрқашан басқа мемлекеттердің арқасына жасырынып, болмысын жалғастырған бір мемлекетті алдымызға итермелеп, өздерінің құпия мақсаттарын жүзеге асыруға тырысқандар ең үлкен әділетсіздікті жасауда. Енді бұл көлеңке ойынынан шаршадық. Өзіне пайдасы жоқ бір елді Түркия сияқты аймақтық және жаһандық бір күштің алдына жем қылып тастауға тырысу енді күлкілі бола бастады. Дұшпандық жасағысы келгендер қаншалықты біріксе де, Түркияның өрлеуін тоқтата алмайды» деді.

Стар газеті «Түркиядан Мейисти аралы ескертуі: Грекия өзі ұтылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Шығыс Жерорта теңізінде баршамен келіссөз үстеліне отырып, мәселені талқылаған соң бәрімен әділетті түрде бөлісу мақсатты ортақ шешім ізденісін жақтаймыз. Келісімдермен бекітілген мөлшерден асатын қару байқаған жағдайда, Грекия өзі ұтылатынын ұмытпасын» деді.

Ватан газеті «Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісінен Австрияға ирониялық жауап» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын твиттерден жасаған хабарламада Австрия Интеграция министрі Сюзанна Раабтың Түркияның Австриядағы түрік тектілерге ықпал етіп, бұл елді бөлшектегісі келгені жайлы қауесеттерге «Тек қана Австрияны ма? Масқара...» деп жауап қайтарды.

Хүррийет газеті «Неміс саясат қайраткерінен түрік туризміне үлкен мақтау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германияның бұрынғы премьер-министрі Гельмут Кольдің кеңесшілігін жасаған Христиан Демократтар партиясының мүшесі журналист Фридхельм Ост Түркия және туризм саласындағы көзқарастарын коронавирус шаралары туралы мақтауға толы сөздермен түсіндірді. Ост «Германияның солтүстік пен Балтық теңізі жағалауларындағы демалыс орындары және Мальорка аралымен салыстырғанда Түркияда қабылданған шаралар әлемге үлгі болудан асқан» деді.

Сабах газеті «Анталияға бір айдың ішінде 11 мың ұшақ қонды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «FRAPORT TAV Анталия әуежайына» коронавирус процесінде соңғы 1 айдың ішінде 11 мың ұшуға қонақжайлық жасады. Бұл процесте 31 елден 1 миллион 750 мың жолаушыға қызмет көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар