Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1480574
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «ТҰҰМ төрағасы Шентоптан Ливия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп кеше Ливия Жоғары Кеңес төрағасы Халид әл-Мишримен бас қосты. Шентоп бас қосуда «Ливияда халықаралық құқық пен БҰҰ қарарларына қарама-қайшы болған және жұмыс істейтін әртүрлі мемлекеттердің көрші Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері және Францияға халықаралық заңдарға қоса Ливиядағы заңды үкімет пен шешімдерін құрметтеуге шақыратынымызды айтқым келеді» деді.

Хабер түрік газеті «Хулиси Акардан хабарлама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекиямен шығыс Жерорта теңізі дағдарысы жайлы «Біз келіссөзді жақтаймыз. Әрнәрсе ашық, біз бейбітшілік, тыныштық, құқығымызды қалаймыз. Алдағы күндерде грек әріптесімізді қуана күтеміз. Келсін әңгімелесейік» деді.

Сабах газеті «Министр Варанк стратегиялық ынтымақтастықты жариялады: Қорғаныс концепциясын өзгертетін болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Украина вице-премьері және стратегиялық институттарға жауапты министрі Олег Урускиймен кеше бас қосты. Министр Варанк «Бүкіл әлем тамсана қараған пилотсыз ұшақтарымызды (SİHA) Украина үшін қамтамасыз етеміз және бұл жаңа кезеңде үлкен жаңалықтарға есік ашады, маңызды қорғаныс концепциясын өзгертетін болады» деді.

Ватан газеті «Оруч Реис үшін жаңа НАВТЕКС жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Оруч Реис» бұрғылау кемесі үшін НАВТЕКС (теңізшілерге шақыру) жарияланды. Бұл жарияланыммен «Оруч Реистің» қызмет мерзімі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Стар газеті «Үлкен Круиз кемелері бағытын Түркияға бұрды» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда Түркияда круиз туризмі жандана бастады. «Global Yatırım Holding» (Жаһандық инвестиция холдингі) атқару кеңесі төрағасы Мехмет Кутман «Круиз фирмаларының 2021 жылы үшін мықты брондауларын жалғастыруы туризм саласына деген сенімнің артқанын көрсетеді. Үлкен круиз кемелері бағытын Түркияға бұрды» деді.



Ұқсас жаңалықтар