Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1479965
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Мушта Малазгирт жеңісінің 949 жылдығына орай сөз сөйледі. “Қорқу ажалға пайда әкелмейді.  Түркия Жерорта теңізінде де,  Эгейде де, Қаратеңізде де құқығын қорғайды” деген Ердоған “Бұл үшін саяси, экономикалық, әскери тұрғыдан не қажет болса,  жасауға табандымыз. Қарсымыздағы елдерді өздерін тәртіпке келтіріп, қирауға жол ашатын қателерден аулақ болуға шақырамыз” деді. 

Хабер Түрік газеті “Анталияға 3 күнде 100 мың турист келді” деген хабарға орын берген. Туризм қайтадан жанданған Анталияға шетелден 3 күнде 510 ұшақпен 100 мың жолаушы келді. Анталия әуежайы бас директоры Дениз Варол “Өте маңызды көрсеткіш, Сыртқы желі арқылы жылдың басынан бері 1 миллион 300 мың жолаушының Анталияға келгенін көрдік.  Бұл көрсеткіштің жартысы тек тамыз айында жүзеге асты” деді. 

Ватан газеті “Ресейден Түркияға ұсыныс” атты хабарға орын берген. Ресей тікұшақтары бас директоры Андрей Богинский Түркиямен тікұшақ технологиялары және өндірісінде ынтымақтастыққа ашық екендерін білдірді. Ол “Тақырып нарықтың жағдайы және өндірілетін өнімдердің болашағына байланысты.  Осы салада ынтымақтастықты талқылауға дайынбыз” деді. 

Стар газеті “IMF-тен түрік экономистке міндет” атты хабар жариялаған.  Халықаралық Валюта фонды Стратегия,  саясат және бақылау бөлімі басшылығына түрік экономист Джейла Пазарбашоғлу тағайындалды.  IMF Пазарбашоғлуның жаңа міндетіне 15 қыркүйекте бастайтынын білдірді. 

Сабах газеті тарихи жәдігерге орын берген. Ескишехирдің Сейитгази ауданында 1996 жылдан бері жалғасып келе жатқан Күллүоба қазбасында тастан жасалған 5 мың жылдық бояу тақтайшасы табылды.  Бояу тақтайшасы ыдыс-аяқтың боялуы үшін қолданылған.



Ұқсас жаңалықтар