Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1470807
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Режеп Тайып Ердоғаннан шығыс Жерорта теңізі шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған шығыс Жерорта теңізі мәселесімен байланысты Грекия және Мысыр арасында жасалған келісімнің заңдық тұрғыдан негізі жоқ екенін атап көрсетті. Ердоған «Біз Жерорта теңізіндегі барлық елдер ретінде бас қосайық дейміз. Баршаға қолайлы және бәріміздің құқығын сақтайтын ортақ бір шешім іздейік. Еліміздің бұл шақыруына құлақтарын жапқандар күштерінің жетпейтінін, бұл бастамалар арқылы өз болашақтарын өз қолдарымен қараңғыда қалдырады» деді.

Сабах газеті «Дағдарысты асқындырған тарап Грекия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Жерорта теңізінде дағдарысты асқындырған тараптың Түркия емес, Грекия екенін атап көрсетті. Аксой «Ғасырлар бойы түрік билігінде болған Жерорта теңізінен елімізді ешкім шеттетуге тырысушы болмасын. Жерорта теңізінің ‘жалғыз иесі менмін’ түсінігімен қозғалғандар өкінетін болады» деді.

Хабар түрік газеті «Түркия жаңа «НАВТЕКС» жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Жерорта теңізінде жаңа «НАВТЕКС» жариялады. «Оруч Реис» (Oruç Reis) кемесінің сейсмикалық зерттеу жүргізетін алаңы үшін 23 тамыз күніне дейін жаңа Навтекс (Навигациялық телекс / Теңізшілерге хабарландыру) жарияланды.  Бұған қарағанда «Оруч Реис» «Атаман» және «Дженгиз Хан» атты кемелермен бірге Шығыс Жерорта теңізінде Кипр маңында алдында жарияланған аймақта сейсмикалық зерттеулер жүргізетін болады.  Оруч Реис» сейсмикалық зерттеу кемесі континенттік сөре мен табиғи ресурс іздеу жұмыстарына қоса әртүрлі геосаяси, геофизикалық, гидрографиялық және мұхитографиялық зерттеулерді жасай алады.

Стар газеті «Түркия Арменияның жоспарына рұқсат бермеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда "TurAz бүркіті 2020" әскерижаттығуы бүкіл әлемде жаңғырық туғызды. Түркия мен Әзербайжан Қарулы күштері тарапынан ортақ жүзеге асырған жалпы әскери Ортақ жаттығу аймақта 1990 жылдары болғандай, халықаралық заңсыз бастамалармен Арменияға жол берілмейтіндігін ашық түрде көрсетті. Жаттығудың елдердің шекара тұтастығына қоса, халықаралық құқықтың негізгі ережелерінің міндетті түрде қорғалып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілгері екені тағы бір рет ортаға қойылды.

Ватан газеті «Отандық Ковид-19 вакцинасының өндірісі қазан айында жоспарланады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғаш вакцинасы дайын. Түркияда жаңа тип коронавирус (Ковид-19) вакцинасы жұмыстарын жалғастырған топтың басшылығын жасаған Анкара Университеті Медицина Факультеті ғалымы Профессор Хакан Акбулут «8 шілде күні басталған жануарлардағы сынақтарымыз табысты болды» деді. Профессор Хакан Акбулут қазан айында алғашқы вакцинаның өндірісін жоспарлағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар