Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1470190
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия Ковид-19 платформасы 8 вакцина және 10 түрлі дәрі-дәрмек жобасын жүргізуде» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Коджаелінің Гебзе ауданындағы Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесінің Мінсіздік орталығының ашылу салтанатына қатысты.  Түбитак басшылығымен қалыптастырылған Ковид-19 Түркия платформасының 8 түрлі вакцина және 10 түрлі дәрі жетілдіргенін айтқан президент «Екі вакцина кандидаты қазір жануарлардың үстінде сынақтан табысты өтті» деді. Ол «Тіпті осылардың бірі этикалық кеңестің рұқсатын да алды, енді адамдарға сыналып бастайды» деді.

Хүрриет газеті Ұлттық Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген. Министр Хулуси Акар кеше Ирак шекарасында жасаған мәлімдемесінде «Пенче» операциялары шеңберінде бүгінге дейін 83 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.  Акар операцияларда көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрінің тәркіленгенін де айтты.

Ватан газеті Өнеркәсіп және технология министрінің сөздеріне орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк кеше Коджаелінде ашылған Түбитак Мінсіздік орталығының ашылу салтанатында сөз сөйледі. «Салмонелла жылдам диагноз жиһазын әлемде бірінші рет біз жетілдірдік, патентін алдық. Қытай бізден осы технологиялық өнімді сатып алғысы келеді» деді ол.

Хабер Түрік газеті экспорт хабарын жариялаған. Жерорта теңізі үй жиһазы, қағаз және орман өнімдері экспортшылар одағы жылдың алғашқы 7 айында 368 миллион долларлық экспорт жасады. AKAMİB атқару комитеті басшысы Онур Кылычер «Шілде айында Францияға экспорт 100 пайыз артты.  Германияға экспорт 60 пайыз артты.  Америкаға болса 68 пайыз экспортымыз артты» деді.

Стар газеті «Айханжан Гүвен Британияда жеңіске жетті» деген хабар жариялаған. Ұлттық автомобиль спортшысы Айханжан Гүвен Ұлыбританияда өткен Porsche супер кубогында бірінші орын алды.  Түркия Автомобиль спорттары федерациясы ұлттық спортшының маусымның бесінші жарысында жеңіске қол жеткізгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар