Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1460998
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркиядан Францияға қатал наразылық» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Франция Шығыс Жерорта теңізінде жасаған әрбір қате қадамымен өзінің бейтараптылығы мен тұрақтылыққа ықпал ету мүмкіндігінен айрылып қалып отыр. Франция енді өзін алпауыт ретінде көруді доғарып, ақылды және ұтымды саясат жүргізуі керек» деп айтылды.

Йени Шафак газеті «Біз ешқашан қорқытулар мен санкцияларды қабылдамаймыз» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, «Біз Шығыс Жерорта теңізіндегі барлық табиғи ресурстардың әділ түрде пайдаланылғанын қалаймыз. Біз тек өз құқығымызды қорғау үшін келдік. Біз ешқашан қорқытулар мен санкцияларды қабылдамаймыз», - деді президенттің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын.

Стар газеті  «Президент Ердоған Аясофия мешітінің маңдайшасын ашты» деген хабар жариялаған. Кеше президент Режеп Тайып Ердоған 86 жылдан кейін құлшылық үшін ашылған Аясофия мешітінде тексеру жүргізді және «Аясофия-и Кебир мешіті-и Шериф» деген жазуды ашты.

Сабах газеті «Аясофияға арналған арнайы монета» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Аясофияға арнайы ақша басып шығарылғанын хабарлады. «Біз арнайы басып шығарылған #AyasofyaCamii арнайы монетасымен тарихқа тағы бір із қалдырамыз», - деді.  

Хабер Түрік  газеті «Әзербайжан сыртқы істер министрі: Түркия қиын күнде Әзербайжанның жанында болды» деген хабарға орын берген. Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов түрік лауазым иелерінің  Армения шабуылдары кезінде Әзербайжанға қолдау білдіруі бауырлас түрік халқының қиын күнде Әзербайжанның қасында болғанының айқын мысалы екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар