Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1454563
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті “Ердоған Путинмен сөйлесті” деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен кеше телефон арқылы сөйлесті. Ердоған мен Путин екі ел қарым-қатынастарының нығайтылуымен бірге аймақта бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылық үшін үйлесімді жұмыс істеуді жалғастыруды қолға алды. 

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше TRT Haber телеарнасының тікелей эфирінде Әзербайжан мен Армения шекарасындағы қақтығысқа тоқталып,  “Армения есін жисын. Барлық мүмкіндіктерімізбен Әзербайжанның жанындамыз” деді. 

Стар газеті “Аясофия наразылығы” атты хабарға орын берген.  ТР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеп Боррельдің Аясофияға байланысты сөздеріне жауап ретінде “Тағы бір рет Аясофияның Түркияның мүлкі екенін және мәртебесін өзгертуді де қосқанда барлық істердің тек Түркияның егемендігінде екенін атап көрсетеміз.  Ешкім Түркияның егемендік құқықтарына араласпауы керек” деді. 

Ватан газеті де осы тақырыпқа орын берген.  Әділет жәде даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Орталық шешім және атқару кеңесі жиналысынан кейін Аясофияның ғибадатқа ашылуынан кейін ЮНЕСКО тарапынан мәдени мұра ретінде қалып қалмайтыны туралы сұрағына “Аясофия мешіт дәне ғаламдық әлемнің мәдени мұрасының керемет үлгісі ретінде көркемдігін жалғастырады” деп жауап берді. 

Хабер Түрік газеті“Министр Варанк: “Мамыр айында еңжылдам жинақталған үш елдің бірі болдық” деген хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк өнеркәсіп өндірісі деректері жөнінде Түркияның мамыр айында ең жылдам жинақталған алғашқы үш елдің бірі болғанын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар