Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1451115
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрийет газеті «Министр Сойлу: Ұйымды жоямыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу табысты операцияларымен сепаратистік террор ұйымы PKK-ны физикалық және психологиялық тұрғыдан жойғандарын мәлімдеді. Сойлу: « PKK үңгірлерде де тұра алмады. Қорыққаннан PKK енді рациямен де сөйлесе алмайды» деді.

Сабах газеті «Шентоп парламент спикері болып қайта сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясының Текирдағ депутаты Мустафа Шентоп, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) Жалпы кеңес жиналысындағы үшінші тур дауыс беруде 328 дауыс жинап, парламент спикері болып қайта сайланды.

Йени Шафак газеті «Түркияға алғыс хат: Сіздің көмегіңіз бізге сенімділік береді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сербиядағы Босния Ұлттық кеңесінің төрайымы Жасмин Курич, жаңа тип коронавирус эпидемиясы тараған Санджак аймағына Түркия жіберген медициналық көмек үшін президент Режеп Тайып Ердоғанға хат жолдап алғысын білдірді. Курик «Сіз жіберген медициналық материалдар, дәрі-дәрмектер мен жабдықтар жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды. Көмегіңіз бізге сенімділік береді» деді.

Хабер түрік газеті «Әлем эпидемия кезеңінде түріктің кептірілген жемістерін тұтынды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаңа тип коронавируспен күрес (Covid) жүргізілген алғашқы жартыжылдықта Түркия 606,5 миллион долларлық кептірілген жеміс және өнімдерін экспорттады.

Стар газеті «Украиналық туристерден Түркияға «қауіпсіз демалыс» мақтауы: Бұл жерге келген таңқалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға келетін украиндық туристер қабылданған Covid шаралары арқасында демалыстарын қауіпсіз өткізуде. Түркияда бетперде мен әлеуметтік қашықтық ережелерінің өте жақсы қолданылғанын атап көрсеткен украин туристердің бірі Катерина Третьяк «Бұл жерге келген таңқалады. Менің ойымша, Түркияның жарнамаға қажеттілігі жоқ»  деді.



Ұқсас жаңалықтар