Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1450371
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Чавушоғлу Еуроодаққа қатаң жауап қайтарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуроодақ Жоғары өкілі Жосеп Боррельмен ортақ баспасөз жиналысында Еуроодаққа қатаң ескерту жасады. Чавушоғлу «Еуроодақ қосымша шешімдер қабылдаған жағдайда бұған біз де жауап қайтаруға мәжбүр боламыз. Бұл да шешімге үлес қоспайды» деді.

Ватан газеті «Түркия апаттың алдын алды. Париждің Анкараны айыптау себебі...» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританияда жарияланған Financial Times газеті Ливияның шығысындағы көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтардың Францияға салмақ түсіре бастағанын, Париждің Анкараны айыптауының негізгі себебінің де Хафтарға деген қате сенімді жабуға тырысу әрекеті екенін жазды.

Хүррийет газеті «Германиядан Түркия мәлімдемесі: Қысқа уақытта жойылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германияның туризмге жауапты лауазымдысы Томас Барея коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы себепті Түркия жөнінде  қабылданған саяхат ескертуін қысқа мерзімде жоюдың мүмкін екенін атап көрсетті. Барея «Жағдай жақсарған кезде, мысалы өткен апта жақсы туғын жылдамдықпен қадам басу үшін дайындықтар жасалады» деді.

Стар газеті «Түрік мебель саласы өсуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Мебель өнеркәсіпшілері қоғамы төрағасы Мұстафа Балджы мебель экспортында жаңа  нарықтың Америка елдері мен АҚШ екенін білдірді. Әсіресе жобалау мен сапада Түркияның маңызды бір күшке ие екенін атап көрсеткен Балджы «Бұл бағытта өткен жылы АҚШ-ға шамамен 200 миллион долларлық экспортымызды 1 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алып отырмыз» деді.

Йени Шафак газеті «Ғарыштан түсірілген Анкараның фотосуретін 1 миллион адам ұнатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық Ғарыш стансасынан Анкараның фотосуретін түсірген АҚШ Авиация және ғарыш агенттігі (NASA) фотосуретті әлеуметтік медиадан бөлісті. NASA-ның Instagram парақшасынан жарияланған түңгі Анкара көрінісін 1 миллион адам ұнатты. Фотосуреттің қасында «Анкара Түркияның жүрегі. Қараңғы түн мен ғарышта бір ұшқын» сөздері орын алды.



Ұқсас жаңалықтар