Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1447570
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Астана саммитінің артынан Түркия, Ресей, Иран ортақ Сирия декларациясы жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия-Ресей Федерациясы-Иран үштік видео конференция саммитінің артынан мемлекет басшылары кеше ортақ бір декларация жариялады. Декларацияда Сирияның шекара тұтастығына назар аударылды. Идлиб келіссөздерінің іске қосылатыны және тыныштықтың қамтамасыз етілетіні атап көрсетілді.

Хабер түрік газеті «Түркия Оңтүстік Шығыс Еуропа ынтымақтастық кезеңі 2020-2021 кезекті төрағалық міндетін қабылдап алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Оңтүстік Шығыс Еуропа ынтымақтастық кезеңі 2020-2021 кезекті төрағалық міндетін бір жылдығына қабылдап алды. Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған мәлімдемеде «Еліміз жұмыстарын Оңтүстік Шығыс Еуропа ынтымақтастық кезеңінің негізгі ережелері бағытында 'аймақтық жауапкершілік' пен 'ауқымдылық' тақырыптары төңірегінде жүргізеді» делінді.

Ватан газеті «Сыртқы істер министрлігінен Еуроодақтың саяхат шектеуіне наразылық: Өкінішті жағдай» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой саяхат шектеулерімен байланысты Еуроодақ ұсынған шешімде Түркияның орын алуын өкінішті деп бағалады. Аксой «Еуроодаққа кіруде міндетті болмаған соң 2020 жылы 1 шілде күнінен бастап саяхат шектеуі қойылған үшінші елдер тізімде Түркияның да орын алуы өкінішті жағдай. Бұл қателіктің ең қысқа уақытта түзетілуін күтеміз» деді.

Стар газеті «АҚШ-тан F-35 ұшақтары мәлімдемесі: Түрік фирмаларымен жұмысты жалғастырамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Ортақ әскери ұшақ F-35-тің кейбір бөлшектерін өндіру тақырыбында 2022 жылына дейін түрік фирмаларымен жұмыстардың жалғасатынын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Украиналықтар демалыс үшін Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Украина арасында Сovid-19 шаралары аясында тоқтатылған рейстердің қайтадан басталуымен 189 турист мінген алғашқы ұшақ кеше Анталия халықаралық әуе жайына қонды. Эпидемия себепті ауқымды шаралар қабылданған әуе жайына келген туристтер «Түркияны қатты сағынған болатынбыз, сәлем Түркия» деп термал камералардан өтті.



Ұқсас жаңалықтар