Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1445290
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Туфейли: Ердоған Ливияның тұрақтылығы үшін талпынуда» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Ливандағы шиіт ғалым Шейх СубхиТуфейли Режеп Тайып Ердоғанға қарсы Франция, Ресей, Италия және Израильге қолдау берудің мубах екенін атап көрсетті. «Ердоған халықтардың мүдделері мен Ливияның тұрақтылығы үшін күресуде» деген Шейх Туфейли Түркияның Ливияда Франция мен Израильдің ашкөздігіне қарсы шыққанына назар аударды.

Сабах газеті «Террористтерге тиесілі 24 баспана мен үңгірде қарулар мен оқ-дәрі қолға түсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған «Пенче-Каплан» операциясы аясында анықталған 24 баспана мен үңгірде көптеген қаруға қоса, азық-түлік материалдары мен оқ-дәрі табылғанын жариялады. Мәлімдемеде 17 маусым күні басталған операцияның жоспарланғандай табысты түрде жалғасқанына орын берілді.

Хүррийет газеті «Түркия желдің күшін арқасына алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия соңғы кезеңде жаңартыла алатын энергияның жалпы электр өндірісіндегі үлесінде жаңа рекорттар жаңартуда. Соңғы жылдары Түркия энергия саласында жаңартыла алатын энергия инвестициялары үлесін арттырды. Түркия жел энергиясында жалпы күшінің әлі 10 пайызын ғана қолдануда. Жел энергиясында қазірге дейін іске қосылған энергия қуатты 8 мың мегаватт болса, бұл салада елдің күші 80-90 мың мегаваттқа дейін артуы мүмкін.

Хабер түрік газеті «Түркия ағылшындардың саяхат бағытында орын алады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Ұлыбританияүкіметі 6 шілде күнінен кейін кейбір елдермен саяхат бағыттарын ашуға дайындалуда. Бұл елдер арасында Түркияның да бар екені білдірілді. Туризм фирмалары осы жаңалықтың артынан демалыстарда брондаулардың артқанына назар аударуда. Ұлыбританияның саяхат бағыттын ашатын елдердің толық тізімін алдағы апта жариялайтыны атап көрсетілді.

Йени Шафак газеті «Бурса туризмінде эпидемия пайдаға айналуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бурса қаласы мықты туризм таңдауларының бірі болу бағытында ілгерілеуде. Қалада жаңа өмір қалпының тіршілік шарттарына ыңғайлы жоспарланған туризм түрлерінің басында трекинг, демалыс лагерлері және караван туризмі келеді.



Ұқсас жаңалықтар