Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1427700
Түрік баспасөзіне шолу

 

Стар газеті “Министр Кожадан тығыз сақтық шаралары” атты хабарға орын берген. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше әлеуметтік желіде коронавирус көрсеткіштерін жариялады.  “Сауығып кеткен науқас саны 130 мыңға жақындады. Жаңа вирус жұқтыру оқиғасы көзделген деңгейде. Тыныс алу аппаратына деген мұқтаждық азайып келеді.  Келесі күндер қол жуу гигиенасына және маскамен бірге әлеуметтік қашықтық ережесіне бағынуымызға байланысты. Тығыз сақтық шаралары - жақсы нәтиже” деп жазды ол. 

Сабах газеті “Өмер Челиктен Кипр понти әкімшілігіне наразылық” атты хабар жариялаған. Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Кипр понти әкімшілігінде Көпрүлү мешітін өртеуге қарсы наразылық білдірді.  Челик: “Понти әкімшілігі Исламға жау фашистерге қарсы шара қолдануы керек. Ислам дұшпандығын арттыратын саясат және медиа тілімен күресу қажет.  Понти әкімшілігі жауаптыларды дереу табуы керек” деп жазды. 

Хүрриет газеті “Фатих бұрғы кемесі Трабзонда” деген хабар жариялаған.  Қаратеңізде алғашқы бұрғы жұмыстарын жасау үшін Стамбулдан жолға шыққан бұрғы кемесі Трабзонға келіп жетті. Рәсіммен қарсы алынған кеме алғашқы жұмысын 15 шіоле күні бастайды. 

Хабер Түрік газеті “Ішкі рейстер басталды” деген хабар жарялаған. Жаңа типтегі коронавирус шектеулері жайымен алынып тастала бастаған кезде әуе жолы рейстері кеше басталды. Стамбул-Анкара рейсінің алғашқы жолаушыларының бірі Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу “Баршаның маска тағу ережесі, әлеуметтік қашықтыққа бағыну  жеке гигиена шараларынан бас тартпаймыз” деді. 

Ватан газеті “Түрік ұшқышсыз әуе аппараттарына мақтау” деген хабарға орын берген.  Германиядағы Дер Шпигел журналы Түркияның жаңа буын қарулы ұшқышсыз әуе аппаратында мықты елге айналғанын жазды. Ел ішіндегі және шетелдегі әскери операцияларда белсенді түрде қолданылған Байрактар TB2 ұшқышсыз әуе көліктері жөнінде мәлімет берілген мақалада аппараттың түрік қорғаныс өнеркәсібіндегі ең табысты өнім екені атап көрсетілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар