Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдег кейбір жаңалықтарға орын берген.

1425873
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Түркия өмір қалпына келе бастады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясында табысты түрде сынақтан өткен Түркияда 1 маусымнан бастап қала аралық қатынас шектеуі толығымен жойылады. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарына оралады. Бала бақшалар ашылады. Автокөлік жолы бағытында орналасан демалыс жайлары қызмет көрсете бастайды. Спорт кешеңдері түңгі 24:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Пляж, ұлттық парктер және бақар ережелерге бағыну шартымен ашылады.

Хабер түрік газеті «Яхта туризмі қайтадан жанданады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан шектелген яхта сапарлары маусым айында қайтадан басталады. Эпидемиямен күресте қол жеткізілген сатыға назар аударған Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Сovid-19 эпидемиясымен күресте маңызды сатылардан өткен Түркия көптеген салада болғандай, яхта туризмі және ағаш кемелердің саяхаттары 1 маусым күні басталады» деді.

Сабах газеті «Түркияда футбол лигасы 12 маусым күні басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан 26-шы апта матчтарының артынан басталған Супер лигада толқын қайтадан басталмақ. Түркия Футбол Федерациясы кешегі жиналысында 12 маусым күні тоқтаған жерінен матчтардың басталатынын білдірді. Супер лига 12 маусым күні 27-ші аптаның матчтарымен басталмақ.

Йени Шафак газеті «Мэтью Бриза: Трамп Ердоғанды үлгі алу керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың бұрынғы Еуропа-Азия қарым-қатынастарына жауапты Сыртқы істер министрі орынбасары Метью Бриза Түркияныңжаңа тип коронавирус эпидемиясымен (Сovid-19) табысты түрде күрескенін атап көрсетті. Бриза АҚШ президенті Трамптың президент Режеп Тайып Ердоғанды үлгі алу керектігін атап көрсетті. Түркияның эпидемиямен күрескенде экономикасын құлдырататын ықпалдардан қорғағанына назар аударған Бриза АҚШ және көптеген Еуроодақ мемлекетінің мұнда табыссыз болғанын баса айтты.

Стар газеті «Түрік дрондары электроникалық соғысқа қарсы мықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы кездері Түрік Қарулы күштерінің пилотсыз әуе көліктері электроникалық соғысқа қарсы қабілетімен назар аударуда. Ішкі қауіпсіздік операцияларына қоса Сирия, Ирактың солтүстігі, Эгей теңізі, Жерорта теңізі және Ливия сияқты өте ауқымды бір аймақта болмысын жалғастырған түрік дрондары электроникалық соғыс тақырыбында мүмкіншіліктері және қабілеттерімен ықпалды күш болып ортаға шығады.



Ұқсас жаңалықтар