Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1424164
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті Ибрахим Калынның сөздеріне орын берген.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ливиядағы соңғы жағдайға байланысты кеше France 24 арнасына мәлімдеме жасады.  Калын: “Франция және Хафтерді әлі күнге қолдап келгендердің Ливиядағы қақтығыстың қате тарабында екеніне сенеміз” деді. 

Хүрриет газеті вице-президент Фуат Октайдың сөздеріне орын берген. Вице-президент Фуат Октай кеше Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы арасында “Экономикалық және қаржылай ынтымақтастық келісімінің қол қою” рәсіміне видео конференция арқылы қатысты. Жаңа тип коронавирус эпидемиясының әсерімен қалыптасқан жаңа өмірге дайындалып жатқан Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасының жанында болуды жалғастыратынын атап көрсетті. Октай “Солтүстік Кипр Түрік Республикасын тұрақты экономикаға қауыштыру үшін қажетті қадамдарды бірге басамыз” деді. 

Стар газеті Денсаулық сақтау министрінің сөздеріне орын берген. ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның Covid-19-бен күресі жөнінде кеше әлеуметтік желіде жазба жариялады. “Сауығып кеткен науқас саны едәуір артты.  Реанимация және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқас саны азайып келеді.  Қол жеткізілген табыс - 83 миллион азаматтың үйлесімділігінің нәтижесі.  Жаңа өмір тәртібі: Бақылаудағы әлеуметтік өмір, баршамыз бірге шара қолдану” деді ол. 

Йени Шафак газеті “Түркиядан тағы бір елге көмек” деген хабар жариялаған.  Түркия коронавируспен күресіп жатқан Чад еліне әскери жүк ұшағымен медициналық көмек пен жедел жәрдем көлігін жіберді. 

Хабер Түрік газеті бұрғы кемесі хабарына орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Фатих бұрғы кемесінің Қаратеңізге өту үшін соңғы дайындықтарын аяқтағанын білдірді. Министр кеше әлеуметтік желіде кеменің Босфор бұғазынан өтуге дайын екенін білдіріп: “Фатих 29 мамыр күні Стамбул жеңісінің мерейтойында Қаратеңіз сапары үшін қозғалады” деп жазды. 

 



Ұқсас жаңалықтар