Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1411782
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Түркия қалыпты өмір арнасына жылдам оралады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған жаңа тип коронавирус(Сovid-19) эпидемиясының өзін “дамыған” деп атаған елдердің денсаулық сақтау, экономика және әлеуметтік құрылым салаларында мықты емес екенін атап айтты. Түркияның болса әр тұрғыдан дамыған елдерден мықты бір көрініс ортаға қойғанын мәлімдеген Ердоған «Эпидемия кезеңінде жетістіктерімізді одан үлкен табыстарға айналдырамыз» деді.

Хүррийет газеті «Әлем баспасөзі Түркияны үлгі көрсетті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Соvid-19 эпидемиясы алдында көптеген Еуроодақ елі шара қабылдауда табыссыз болғанда, Түркия әлем баспасөзінде үлгі ретінде көрсетілді. Француз хабар агенттігі Agence France Presse (AFP) және АҚШ-тың трансляция мекемесі CNN International Стамбулға келіп, Түркияның эпидемиямен күресіндегі табысын орнында қадағалады. Шетелдік баспасөз әсіресе Түркиядағы науқастардың басқа адамдармен байланысын анықтау жүйесіне таңқалды.

Стар газеті «Түркия жақсы бір үлгі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Македонияның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі профессор Драган Даниловский Түркияның Сovid-19 эпидемиясымен күрес процесін табысты басқарған және үлгі тұтатын бір ел екенін атап көрсетті. Даниловский көп адам саны бар елдер категориясындағы Түркияның эпидемия басталғалы ықпалды бір саясат жүргізгеніне назар аударды.

Ватан газеті «Түркия жаһандық фирмалардың жаңа өндіріс орталығына айналуы мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк 11 мамыр күнінен бастап Түркияда бүкіл автокөлік фабрикаларының қайтадан ашылатынын жариялады. Қытайдағы өндірістік дағдарыстың артынан фирмалардың жаңа өндіріс орталықтары ізденісінде екендерін атап көрсеткен Варанк Түркияның өте ыңғайлы орталықтардың бірі болатынын мәлімдеді. Варанк өнеркәсіп саласына әртүрлі қолдауды беруге дайын екендерін де баса айтты.

Сабах газеті «Сабиха Гөкчен әуежайы жүк тасымалдауына қайтадан ашылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда коронавирус шаралары аясында рейстер уақытша тоқтатылған Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайын ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуымен әуе жай жүк тасымалдайтын ұшуларға ашылады.



Ұқсас жаңалықтар