Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1411054
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркияда қалыпты өмірге оралу басталады» деген хабарға орын берген.  Коронавируспен күресте табысты үрдістен өткен Түркияда өмірдің қалпына ену процесі басталады.  Жоспарға қарағанда 10 мамыр жексенбі күні 65 жастан үлкен кісілер 4 сағат сыртқа шыға алады.  20 жастан кісі азаматтар үшін де сыртқа шығу екі сатыда жүргізіледі.  Айырықша шаштараз, сұлулық салондары секілді кәсіпорындар 11 мамыр күні жұмысын бастайды.  Сауда орталықтары да 11 мамыр күнінен бастап қызмет бере бастайды.

Стар газеті «Француз азаматы әлемге Түркияны түсіндіруде» деген хабар жариялаған. Анталияда коронавируспен күреске байланысты бір маркетте түсірген видео көріністерін жариялаған француз азаматы енді дәріханадан тегін бес маска алғанын хабарлады. Ол президент Ердоғанның халқының проблемаларын шешуге тырысқанын айтты.  Оның осы видео көрінісін қысқа уақытта он мыңдаған адам тамашалады.

Хабер Түрік газеті «Пандемиядан кейін Түркия таңдаулы орталыққа айналады» деген хабарға орын берген.  Тәуелсіз өнеркәсіпші және іскерлер қоғамы төрағасы Абдурахман Каан әлемге әсер еткен Covid-19 эпидемиясында Түркияның қаншалықты мықты ел екенін көрсеткенін айтты.  Каан секторлардағы барлық инфрақұрылымның дайын екенін,  эпидемиядан кейін Түркияның таңдаулы орталыққа айналатынын білдірді.

Ватан газеті Грекияға жауап туралы хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрі Хами Аксой Грекия Қорғаныс министрі отырған тікұшақты түрік ұшақтары үрейлендірді деген сөздердің шындыққа жанаспайтынын білдірді. Түрік әскери ұшақтарының Эгей теңізінде жоспарлы істерін атқарғанын білдірген Аксой: «Жоспарлы рейстерді асыра сілтеп,  қызу арттыруға тырысудың Грекияға пайдасы болмайды» деді.

Йени Шафак газеті «Отандық видео конференция бағдарламасы: Диалог» деген хабар жариялаған. Алыстан жұмыс шарттарында жоғары қауіпсіздік қамдайтын отандық видео конференция бағдарламасы қолданысқа беріледі. Диалог бағдарламасы арқылы жоғары сапалы сұхбаттар жүргізуге болады. Бағдарламаның қолданушы және уақыт шегі болмайды. Жаңа бағдарламаның дос және одақтас елдерге экспорт әлеуеті де бар.



Ұқсас жаңалықтар