Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі маңызды жаңалықтарға орын берген.

1408139
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті«Президент Режеп Тайып Ердоған жариялады: Сол террорист ұсталды» атты хабар жариялаған.Хабарған қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Африн ауданындажасалған шабуылды ұйымдастырған PKK/YPG-лік террористтің ұсталғанын жариялады. PKK/YPG тарапынан сейнсенбі күні Африн аудан орталығында жазықсыз адамдар жүрген Раджу даңғылында бомба тиелген жүке көлігімен жасалған шабуылда 11 бала, барлығы 40 адам қаза тапқан, 47 адам да жарақат алған болатын.

Ватан газеті «Түркияның осы емтиханнан сүрінбей өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа  Covid-19-дан қайтыс болғандардың мөлшерлемесінің он пайызға дейін төмендегенін атап көрсеткен министр «Түркияның осы емтиханнан сүрінбей келе жатқанын» айтты.  Министр «Бізді бұл деңгейге сақтық шараларға бағыну және мұқият болу алып келді» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия коронавирусті емдеуде әлемге үлгі болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда кейбір елдерде тырысқақ ауруда қолданылған гидроксихлорохин дәрісінің пайдасыз екені ортаға шықты, дегенмен Түркиядағы емдеу процестерінде бұл дәрі науқастарға маңызды мүмкіншілік жасады. «Бұл дәрі әртүрлі елде неліктен айырмашылықтар көсетеді?» деген сұраққа жауап қайтарған Ғылми Кеңес мүшесі профессор Тевфик Өзлү «арадағы айырмашылық біздің бұл дәріні ерте кезеңде қолдануымыз. Вирусқа қарсы препараттар кеш берген кезде нәтиже бермейді» деді.

Хабер түрік газеті «Жапония Түркияға инвестиция салуға дайын» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағандаСovid-19 вирусы бүкіл әлемді дүрсілкіндірген бір кезеңде экономикалық кішіреюлерге қарамастан Жапондар Түркияда энергия саласында инвестиция салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын бастады. Enechange және Shinden's Looop фирмалары инвестиция салу үшін Түркияны таңдады. Екі фирма Түркияда жаңартыла алатын және Күн энергия станциялары үшін 102,8 миллион долларлық инвестиция салуды жоспарлауда.

Хүррийет газеті «Сами Юсуф концерттері TRT Müzik телеарнасында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Радио және теледидар коорпарациясы (TRT) Ораза айының біріктіретін және бүтіндестіретін рухын экранға тасыған бұл қасиетті кезеңде әлемге танымал Сами Юсуфтың концерттерін көрермендеріне ұсынады. Сами Юсуфтың ‘TRT Müzik’ телеарнасында жарияланатын алғашқы концерті әншінің Дубай операцда берген концерті болмақ. Сами Юсуф концерті 30 сәуір бейсенбі күні Түркия уақытымен сағат 21.15-те TRT Müzik телеарнасынан көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар