Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1407342
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирустың жаңа түрінен құтылу үшін сақтық шараларын орындауды жалғастырудың маңызды екенін білдірді. Ол әлемдегі өзгерістің Түркияның алдына жаңа мүмкіндіктер ашқанын айтты. Ердоған осы кезеңде сақтық шараларына бағынған азаматтарға алғыс айтты, эпидемия шаралары сатылы түрде жойылғанда Түркияның өндірісінің қайтадан бар жылдамдығымен жұмыс істей бастайтынын білдірді. 

Сабах газеті “Түркияда ашылды.  Әлемде бірінші рет” деген хабарға орын берген. Стамбул Медицина факультетінде Covid-19 науқастарын бақылау орталығы ашылды. Түркия және әлемде бірінші рет осындай орталық ашылды. Орталықта Covid-19 ауруына шалдыққан және қатты ауырып, артынан сауыққан науқастар 1-3-6-9 және 12-ші айларда тексеруден өтеді. Осылайша ауру ортаға шығарған проблемалар анықталады. 

Хүрриет газеті “Ресейдегі науқас студент Түркияға жеткізілді” деген хабар жариялаған. 

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Ресейде отасы жасалмаған, өкпесі ауыратын Халук Хасан Сейітханоғлуның жедел жәрдем ұшағымен Түркияға жеткізілгенін хабарлады. Министр “Ресейде отасы жасалмаған бауырымыз президенттің нұсқауымен емделе бастады” деді. 

Йени Шафак газеті “Шетел азаматтары көрмесе де Түркиядан үй сатып алып жатыр” деген хабарға орын берген. Жаһандық эпидемия салдарынан Түркияда наурыз айынан бастап шетелдіктерге онлайн сату басталды.  Түркияға келе алмаған шетелдіктердің ықыласы онлайн платформаларға көшті. Инновациялық көзқарас, технологиялық мүмкіндіктер мен Түркияның медицинадағы табысы халықаралық сұранысқа себеп болды.  Наурыз айында шетелдіктерге онлайн тұрғын үй саудасының көлемі 100 миллион лирадан асты. 

Стар газеті “Түркиядан халықаралық жүк транспортында жаңа шешімдер” деген хабар жариялаған.  Қатынас және инфрақұрылым министрлігі Түркияның халықаралық жүк транспортына бағытталған жаңа шешімдерін жариялады.  Осыған орай Ресей мен Қазақстаннан бастап Орталық Азиядан Түркияға жүк әкелген көлік айдаушыларға жүргізілген 14 күндік карантин мерзімі жүргізушілердің көліктен түспеуі және анықталған қағидаларға бағына отырып 72 сағат ішінде елден кетсе,  орындалмайды. Көліктер елге кіргеннен кейін Көлік бақылау жүйесінен бақылауға алынады.



Ұқсас жаңалықтар