Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1397558
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Президент Ердоған: Коменданттық сағат бұл апта да жалғаспақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысының артынан жасаған мәлімдемеде «Бұл аптаның аяғындағы коменданттық сағатты алдымыздағы кезеңде де жалғастыруға шешім қабылдадық. 17 сәуір жұма күні сағат 24.00-ден бастап, 19 сәуір жексенбі күні сағат 24.00-ке дейін коменданттық сағаттың жалғасатынын қазірден-ақ азаматтарымызға жариялағым келеді» деді.

Стар газеті «Сакарияда жергілікті және отандық коронавирус анықтау жиһазы жетілдірілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сакария Университеті мен сакариялық бір фирма Италия, Қытай мен АҚШ-та өндірілген және жаңа тип коронавирус (Сovid-19) анализінде сенімді бір нәтиже алуды қамтамасыз ететін жиһаз жетілдіргендерін атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «Түркияден Грекияға қатаң жауап» атты хабар ждариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Грекияның миграцияға жауапты министрі Нотис Митаракистің 18 наурыз күні қол қойылған келісімнің бұзылғаны жөніндегі қауесетіне «Митаракистің еліміздің Сovid-19 эпидемиясын сылтауратып, 18 наурыз келісіміне бағынбағаны жөніндегі мәлімдемесі бұл елдің босқындарға қарсы жасаған қылмыстарын күн тәртібінен шығаруды мақсат етіп, шындықты бұрмалау мақсатты айтқан қауесеттері» деді.

Хүррийет газеті «Еуроодақ Түркияның автокөлігін тіркеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобының (TOGG) зияткерлік және өнеркәсіптік меншік құқығы 100% Түркияға тиесілі автокөліктерінің ішкі және сыртқы дизайны Еуроодақтың зияткерлік және меншік құқығы бюросы "EUIPO" тарапынан тіркелді. Өтімділік мерзімі 5 жыл болған тіркеу құқығымен бірге «TOGG» көліктерінің жобаларының үшінші фирмалар тарапынан толығымен немесе жартылай көшірілуінің алды алынды.

Йени Шафак газеті «Шетелдікке тұрғын үй саудасында тыныс алдыратын бір ұйым» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жылжымайтын мүліктерді шетел таныту қоғамы төрағасы Фарук Акбал Қазына мен қаржы министрлігінің шетелде бір организация құруының шетелдіктерге тұрғын үй саудасы үшін маңызды бір механизм болатынын атап, «Алдағы кезеңде шетелдікке Тркияға инвестиция салу тақырыбында қосымша кепілдік болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар