Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1390369
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның коронавируспен күрес үндеуіне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавируспен күресте Түркияның медициналық инфрақұлымының қызметкер,  дәрі-дәрмек, материал және реанимация мүмкіндіктері тұрғысынан көптеген елге қарағанда жақсы жағдайда екенін білдірді. Президент Ердоған әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында “Медициналық инфрақұлымымыздың күшімен коронавируспен күрес секілді қиын процесте Құдай қаласа, үлгі болатындай түрде сынақтан сүрінбей өтеміз” деді. 

Ватан газеті “88 ел Түркиядан жабдық сұрады” деген хабарға орын берген ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа коронавируспен күрес шеңберінде 88 елдің Түркиядан медициналық аппарат сұрағанын білдірді.  Министр кеше Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық директоры Др. Ганс Клугемен видео конференция арқылы сөйлесті. Видео жиналыста коронавирус пандемиясын талқылаған министр мен Клуге Түркия мен ДДСҰ Еуропа аймағы арасында 2020 және 2021 жылдарын қамтитын екі жылдық ынтымақтастық келісіміне келді. 

Сабах газеті коронавирусқа қарсы вакцина жұмыстарына орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк коронавирусқа қарсы вакцина жұмыстарына байланысты кеше мәлімдеме жасады.  Министр қазіргі уақытта 14 түрлі вакцина-дәрі зерттеу жобалары жүріп жатқанын білдіріп, 40 мекеменің жүздеген зерттеушісінің осы тақырыпқа шоғырланғанын айтты. 

Стар газеті “Түркияға алғыс айтты. Еш ұмытпаймыз” деген хабарға орын берген. Еуропа Парламенті Түркия мәлімдемешісі Начо Санчес Амор жаңа типтегі коронавирус эпидемиясымен күрес шеңберінде Түркия Испания жолдаған медициналық материалдар үшін алғыс айтып: “Сіздердің ұйымшылдығыңызды еш ұмытпаймыз” деді. 

Хабер Түрік газеті автомобиль саудасына орын берген.  Түркия автомобиль және жеңіл коммерцияық көлік нарығы 2020 жылдың наурыз айының аяғында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 40,62 пайыз артып,  124 403 дана болды. Алғашқы ширекте автомобиль саудасы 44,79 пайыз, жеңіл көлік нарығы да 26,03 пайыз артты. Коронавирус салдарынан өндіріс тоқтап қалған наурыз айында болса 1,6 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар