Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1383757
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Түркиядағы ынтымақтастықтың әлемде үлгісі жоқ» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин КоджаТүркияның жаңа коронавирусқа (Сovid-19) қарсы жүргізген күресінің әлемдегі үлгілерінен мүлдем басқаша екенін атап көрсетті. Ұлт ретінде ортаға қойылған ынтымақтастықтың әлемде үлгісі болмағанын білдірген Коджа «Түркия сақтықпен саясатын жалғастырды. Әлеуметтік психологияны мұқият қолға алды. Риск алаңдарын азайтты. Алдағы уақытта емделгендердің жағдайын күн сайын жарияламақпыз. Емделген адам саны аз емес» деді.

Сабах газеті «Министр Коджаның жастарға үндеуі, қысқа уақытқа ұстанымымызды өзгертеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа коронавируспен байланысты жастарға «Сіз эпидемиядан тыс емессіз. Өміріңізді бәсеңдетіңіз. Риск бар жерлерден аулақ болыңыз. Үйіңізге қауіп төндіруіңіз мүмкін. Сол үшін үйде отырыңыз. Еркіндік үйлерімізде» деді.

Хүррийет газеті «Түркияға келген турист еліне оралғысы келмейді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда коронавирус эпидемиясы салдарынанкөптеген елде саяхаттауға тыйым салынды. Бұл шаралар әрине жаһандық туризм саласына кері әсер етті. Түркияның көптеген елмен салыстырғанда одан жақсы жағдайда екенін атап көрсеткен түрік туризм операторлары да туристтердің елдеріне оралғысы келмегенін айтуда.

Йени Шафак газеті «Сириялық дәрігерлер: Вирусқа қарсы күресте бізге де міндет жүктеңіз» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда елдеріндегіішкі соғыстан қашып, Түркияны паналаған және Газиантепте өмір сүрген сириялық 100 дәрігер коронавирусқа қарсы күресте материалдық немесе рухани бір пайда күтпей Түркияға көмектескілері келгенін атап көрсетті. Сириялық дәрігерлердің өкілі дәрігер Мұстафа Лулик ‘2011 жылдан бері түрік бауырларымыз бізге қонақжайлық танытты. Осы жақсылыққа жауап ретінде Түркия жеріндегі барлық адамдарға көмектескіміз келеді» деді.

Ватан газеті «Тұтынушы индексі наурыз айында артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда тұтынушы индексі наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда %1,7 мөлшерінде артты. Ақпан айында 57,3 болған индекс наурыз айында 58,2 ұпайға жетті. Алдағы 12 айлық мерзімге қатысты 12 айлық мерзімде үй шаруашылықтарының қаржы жағдайын күту индексі ақпан айында 76,8 ұпайды құрады, индекс наурызда 2,3% артып, 78,6 ұпайға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар